ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лингвистика бойынша павлодар оқушыларының жемісі
13-11-2020 11:05
Лингвистика бойынша павлодар оқушыларының жемісі

   2020 жылы 11 қарашада лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне онлайн режимде облыстың мамандандырылған, жалпы білім беру мектептерінің 9 - 10 сыныптың 49 оқушысы қатысты. Павлодар филология және лингвистикалық ғылымдарға бейімі бар, қалалық олимпиада жеңімпаздары, № 2, 14, 39 ЖОМ 3 оқушысын ұсынды. Мақсаты - лингвистика  саласындағы дарынды оқушыларды қолдау. Қатысушылар туыс тілдердің салыстырмалы граммматикасына тапсырмалар орындады. Лигнвистика бойынша олимпиада ерекшелігі логикалық ойлау іскерлігі болып табылады.

   Олимпиада қорытындысы бойынша №14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Богомолова Дарья, III дәрежелі диплом иегері атанды. Ол гуманитарлық пәндерге бейім, лингвистикалық және лингвистикалық міндеттермен айналысады. Дарья сонымен қатар жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша олимпиада қатысушысы.Ол ғылыми жобалар қалалық конкурсының жеңімпазы (2018, 2019 жылдар), физика бойынша халықаралық қашықтық олимпиада жеңімпазы және жүлдегері. Өзінің «Нанотехнологии - наше будущее» жобасында нанотехнологияның ғылымдағы ролін ашу, оның физикалық негізін  білу үшін  жұмыс істеді.