2020 жылғы 10 қарашада ХХІІ облыстық Абай оқуларына онлайн режимде конкурстың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары 8-11 сыныптың 100 оқушысы, сонымен қатар Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің № 2, 9, 29 (2), 33, 37, 38, 43, 19, К. Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ 12 қатысушы қатысты. Конкурс 6 бағыт бойынша өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша облыс мектептерінің 43 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды, сонымен қатар 4- бағыт бойынша Павлодар қаласының 7 оқушысы . Оның ішінде І-орын - 3 қатысушы, ІІ-орын - 3, ІІІ-орын - 1 қатысушы.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша І-орынға № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Юдина Алина ие болды.
«Көңілім әнді ұғады» бағытында І орын № 9 гимназия-мектебі 10 сынып оқушысы Сухоносова Алина; ІІ орын Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Айдархан Баян; ІІІ орын № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шамет Алтынай.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында І орын № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Картошова Александра. ІІ орын № 38 НОМ 6 сынып оқушысы Дауыржан Ердамыс иеленді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша ІІ орынды № 29 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ковтун София жеңіп алды.