ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздік Рухани жаңғыру кабинеті
16-11-2020 09:11
Үздік Рухани жаңғыру кабинеті

  Елбасының «Болашақ қакөзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының 3 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бөліммен 2020 жылғы 5 наурызда біздің өңірде ашылған 103 «Руханижаңғыру» кабинеті арасында, оның ішінде Павлодар қаласының № 9, 36, 37 жалпы білім беретін мектептерінде 3 кабинетте байқау ұйымдастырылды.

   Байқаудың I кезеңіне 30 сәуір күні 69 Рухани жаңғыру кабинеті қатысты. «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Еркеғали Жанғазы төрағалық еткен сарапшылар тобы 2 кезеңге өткен 10 кабинетте болып, сараптама тобының дауыс беруімен және лайктардың ең көп саны бойынша іріктелді. Сарапшылар тобының шешімі бойынша 4 жеңімпаз анықталып, 7 кабинет алғыс хаттармен марапатталды.

   Жеңімпаздар қатарында Павлодар қаласының №37 ЖОМ кабинеті III орынды иеленді. Мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Амангелдіұлы Орсариевтің қатысуымен ашылды.Кабинет интерактивті тақтамен, Қазақстанның дамуына үлес қосқан атақты мәдениет және өнер, ғылым қайраткерлерінің, жазушылар мен ақындардың портреттері бар стендпен жабдықталған. Кабинет Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарына байланысты «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «100 жаңа есім» ақпараттық стендтерімен жабдықталған. Сонымен қатар, кабинет әртүрлі кездесулерге, шығармашылық конференцияларға, байқауларға арналған орталық болып табылады.