ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әр түсті балалық әлемі
16-11-2020 09:29
Әр түсті балалық әлемі

   Павлодар  қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2020 жылғы 26 қарашада дүниежүзілік балалар Күніне арналған «Разноцветный мир детства»  қалалық фотоконкурс  өткізілді. Мақсаты - фотоөнер саласында оқушылардың шығармашылық қызметін қолдау және дамыту, отбасы институтын  бекіту. Конкурсқа  қаланың  26 жалпы білім беру мектептерінің 1 - 4 сыныптың 106 оқушысы қатысты.

   Қатысушылармен бақытты және жарқын балалық шаққа арналған 106 жұмыс ұсынылды. Фотосуретте отбасы ортасындағы бірлескен ойын-сауық, қызығушылығы бойынша жұмыстар, сүйікті істері, саяхаттан алған әсерлері, достарымен қарым-қатынасы, үйде айналысатын істері жөнінде көруге болады. Онлайн  конкурс қорытындысы бойынша 29 жүлделі орын анықталды, оның ішінде  I орын 5 оқушы, II орын - 8,  III орын - 16 оқушы. Конкурстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының дипломымен марапатталды.

   Алтайда отбасылық саяхат кезінде жасалған фотографиясы үшін № 6 ЖОМ 3 сынып оқушысы Крашкевич Ксения I орынға ие болды, үй құстары мен белсенді отбасы ойын-сауығы фотографиясы үшін № 9 ЖОМ 2 сынып оқушысы Жұмабай Әдел, теңіздегі демалыс және би конкурсына қатысқан  фотография үшін № 34 ЖОМ 1 сынып оқушысы Габдрахимова Айсана, отбасы мерекелері және күзгі тақырыпқа, демалыс пен спорттың белсенді түрлерінің фотографиясы үшін №34 ЖОМ 1 сынып оқушысы Котелкин Матвей,  Жасыбай көлі  демалысы мен «Sing song» вокал мен би бойынша халықаралық конкурсқа қатысу кезіндегі киімдерді көрсету туралы фотография үшін №41 ЖОМ 1 сынып оқушысы Жетписбаева Нияра иеленді.

   II орынға №9, 13, 14, 21, 34, 41 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, III  орынға - №11, 14, 21, 23, 26, 27, 34, 36, 37, 41, 42, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ жалпы білім беру мектептерінің оқушылары иеленді.