ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңарту жағдайындағы басшының менеджменті
16-11-2020 12:43
Жаңарту жағдайындағы басшының менеджменті

   2020 жылғы 9-13 қараша аралығында «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесіп, қаланың жалпы орта білім беру мекемелері басшыларының басқарушылық менеджмент деңгейін арттыру бойынша курстар ұйымдастырды.

   Onlinе режимінде ZOOM платформасында өткізілген курстарға 28 жалпы білім беретін мектеп басшылары қатысты. Атап айтқанда:  Павлодар қаласының № 1, 2, 4, 5, 6, 7, 11, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 21, 23, 24, 25, 26, 31, 32, 33, 36, 40, 41, 43, Кенжекөл, Жетекші,оқу-өндірістік комбинаты. Курстың мақсаты орта білім беру ұйымы басшысының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, жаңарту жағдайында білім беру ұйымын тиімді басқару үшін қажетті білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттерді меңгеру болды.

    Курс бағдарламасы 4 модульден тұрды. «Психологиялық-педагогикалық модуль» шеңберінде мектеп директорлары білім беру саласындағы менеджмент мәселелері және сапа менеджменті жүйесінің психологиялық аспектілері бойынша практикалық дағдылар алды.

  «Педагогикалық менеджмент» 2 модулінің семинарларында басшылар басқару объектісі және субъектісі ретінде педагогикалық ұжымды басқару мәселелері бойынша өз білімдерін арттыруға мүмкіндік алды, педагогикалық өзара қарым-қатынас жағдайында жанжалдарды басқару дағдыларын пысықтады.

   Сонымен қатар, практикалық сабақтар аясында SWOT-талдау және Smart-мақсаттар әдістерін пайдалана отырып, мектеп жұмысының тиімділігін талдау және өзгерістерді жоспарлау, білім беру менеджерінің көшбасшылығы мен көшбасшылық қасиеттері бойынша біліктер жетілдірілді. «Орта білім берудің инновациялық педагогикалық технологиялары» 3 модулдің практикалық бөлімінде мектеп пен ЖОО-ның әлеуметтік әріптестік нысаны ретіндегі өзара іс-қимылы, басшы менеджменті және онлайн сервистер мен интерактивті оқытуға арналған платформа мәселелері талқыланды.

   «Мектептегі ғылыми жобаларды ұйымдастыру» 4 модулінің сабақтарында оқушылардың зерттеу қызметі танымдық белсенділікті қалыптастыру құралы ретінде, мектептің ғылыми жобаларын ұйымдастыру бойынша жетекшінің жұмысын құрудың тиімді әдістері ұсынылды.

   Жетекшілердің пікірі бойыншакурстар тыңдаушыларға қазіргі замандағы менеджменттің маңызды мәселелері жөніндегі білімдері мен басқару дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді. Қаланың білім беру бөлімі «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ басшылығы мен оқытушыларына курстарды сапалы, өнімді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді. Оқу қорытындысы бойынша мектеп басқармалары сертификаттар алды.