ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары
18-11-2020 09:09
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп, 2020 жылғы 16 қарашада ZOOM онлайн режимінде «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және Қазақстан халықтары академиясы» кафедрасының профессоры, әдіскер, талдаушы,т.ғ.к., Нұр-Сұлтан қаласының жүйелік талдау және модельдеу Академиясының директоры Цой Валерий Ивановичтің қатысуымен «Ерекше білім беруді қажетететін  балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты ғылыми-практикалық семинарын өткізді.

  100 қатысушыдан тұратын семинарда  Павлодар қаласының  білім беру бөлімінің қызметкерлері, Инновациялық Еуразия университетінің профессорлық-оқытушылық  құрамы, психологиялық-медициналық – педагогикалық    кеңестердің  өкілі, мектеп директорларының 42 орынбасары, жалпы білім беретін мектептердің педагог - зерттеушілері, логопедтері, 42 психолог, 10 мектеп педагог - ассистенттері мектептердің, логопедтер мен психологтардың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық-педагогикалық қызметінің функционалдық моделі туралы мәселелерді қарастырды.

   Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Сәменқызы «Ерекше білім беруді қажетететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», Цой Валерий Иванович - «Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіс намалық құралдары», Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Деревнина Алла Федоровна, - «Нормативтік - құқықтық құжаттарды орындау, балалардың құқықтарын қорғау және қала мектептерінде ерекше білім беруді қажетететін балаларға жағдай жасау туралы» тақырыптарында сөз сөйледі. Сондай-ақ, педагогтердің, психологтардың, логопедтердің, мектептің педагог-ассистенттерінің қызметін әкімшілік бақылау және әдістемелік сүйемелдеу, инклюзивті  білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби өсуін арттыру, курстық даярлықтан өту мәселелері қаралды.

   Бүгінгі күні қала мектептерінің 1103 педагогтары2020 жылдың 6 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалында курстық даярлықтан өтті, 12 қазан - 30 қазан аралығында 200 педагог бюджеттік негізде республикалық тренингтен өтіп, сертификат таралды. Инклюзивті білім беруде туындайтын мәселелерді шешу бойынша психологтар үшін «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беруді қажетететін балаларды әлеуметтік бейімдеудің тиімді әдістері мен тәсілдері», логопедтер үшін «Логопедтік түзету арқылы хат компоненттерін қалыптастыру» атты қалалық шығармашылық топтар құрылып, жұмыс істеуде. Логопедтер үшін «Жас логопед мектептері»жұмыс істейді. Курстың авторы және әзірлеушісі Матай Қымбат Галлямқызы, жоғары біліктілік санатты мұғалім-логопед, № 40 ЖОМ педагог-шебері, педагогика және психология ғылымдарының  магистрі, біліктілікті арттыру курстарының республикалық дәріскері. Семинар қатысушыларына әдістемелік ұсыныстар берілді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.