kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2624223
Бір айда255098
Бір аптада61426
Кеше15932
Тәулік10422
Балалардың құқықтарын қорғаймыз
18-11-2020 09:24
Балалардың құқықтарын қорғаймыз

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2020 жылғы 5 - 13 қараша аралығында «Бала құқығы - адам құқығы» қалалық қашықтық конкурсы өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың адам құқықтары саласындағы білімді меңгеру, мәдени және ұлттық дәстүрлерді, көзқарастар мен пікірлерді, белсенді азаматтық ұстанымды түсіну мен құрметтеуді қалыптастыру, жастарды гуманизм, бостандық және демократия рухында тәрбиелеу. Қаланың жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптардың 84 оқушысынан тұратын 27 команда қатысты. Олар № 6, 7, 9, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 24, 25, 26, 28, 29, 32, 33, 34, 36, 38, 39, 42, 43, К. Мақпалеев, Қ. Бекхожин атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептері.

  Байқау шарты бойынша қатысушылар «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбына буклеттер, жадынамалар, плакаттар ұсынуы тиіс. Қазылар алқасы шығармаларда тақырыпты дұрыс жеткізе білу, орындау ерекшелігі, шығармашылық көзқарасты ескерді. Өз жұмыстарында қатысушылар Конвенцияда көрсетілген бала құқығы туралы, өздерінің  құқығын білетінін  және шығармашылық жолдарын көрсетті.

  Байқау қорытындысы бойынша «Бүклеттер» бағытында I орынды № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Гнускина Екатерина, №26 ЖОМ 5 сынып оқушысы Алимбаева Камила, «Жадынама» бағытында І орынды №18 ЖОМ 7 сынып оқушысы Барбашин Богдан иеленді.

   Олар өз жұмыстарын бірегейлі және шығармашылықпен жеткізе алды. Камила «Өз құқықтардың біл» өзінің буклетінде өз мүмкіншілігін дамыту, білім құқығы туралы жазды, Богдан балаларға қатысты қатыгездік және қанауды болдырмау туралы қолжетімді формада жадынама дайындады.

   ІІ орынды «Буклеттер» бағытында №6, 15, 25 ЖОМ оқушылары, «Жадынама» бағытында №16 лицей-мектебі, №18 мектеп оқушылары, «Парақшалар» бағытында ІІ орынды №21 ЖОМ оқушылары иеленді. Олар шығармашылық тәсіл тауып, бала құқығы  туралы тақырыптарының толық ашылғандығын көрсетті.Бедрина Алина, №21 ЖОМ 7 сынып оқушысы «Үндеу парақтары» бағытында демалыс, отбасы, денсаулық құқығы туралы қазіргі және өзекті мәселелерді көрсетті. 

   «Буклеттер» бағытында ІІІ орынға № 6, 11, 25, 33, 36, 39, М. Әуезов атындағы орта мектебі, Жетекші ЖОМ оқушылары ие  болды.

  Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды.