ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мың бала» облыстық байқауының жеңімпаздары
19-11-2020 10:41
«Мың бала» облыстық байқауының жеңімпаздары

   Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» V облыстық мәдени-ағарту байқауында облыстың жалпы білім беретін мектептердің 4 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын зерделеу арқылы Қазақстанда тұратын түрлі этностар балаларының мемлекеттік тілді меңгеруі.

  Биылғы байқауда қатысушылар онлайн формата қазақтың бас ақыны Абайдың өлеңдері мен аңыздарын орындап, қара сөздерін жатқа оқып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

   Байқау қорытындысы бойынша Қ. Мақпалеев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Кирилл Свиридов І орынға ие болды. Кирилл екі жыл бұрын да осы байқаудың жеңім пазы болған. Биыл ол Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды. Бұған дейін Кирилл әр жылдары өткен Абай оқуларының жүлдегері және жеңімпазы болды. Ол Абайдың 175 жылдық мерей тойы аясында өткен «Ұлы даланың ұлы ақыны» қалалық байқауында II орынды алды.

   II орынды Павлодар қаласының №29 мектептің 7 сынып оқушысы София Кофтун, III орынды №33 мектептің 7 сынып оқушысы Алина Юдина иеленді.

  Байқау жеңімпаздары Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының грамоталарымен марапатталды, оларға компьютерлік планшеттер табыс етілді.