ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас шахматшылардың жетістіктері
20-11-2020 09:46
Жас шахматшылардың жетістіктері

   Павлодар  қаласының №41 мектеп оқушылары Павлодар облысы шахмат федерациясының директоры Ульяна Валентиновна Захарованың басшылығымен оқушылар арасында өткен облыстық онлайн чемпионатқа қатысты. Шахмат ойыны үнемі танымал. Бір уақытта ойнайтындардың саны тек lichess.org. ойын алаңында 60000 адамға жетеді. Осы интернет-алаңда Облыстың шахмат қоғамдастығымен бірнеше клубтар құрылды - «TEAM Pavlodar», «Biz birgemiz».

  Турнир қорытындысы бойынша 11 жасқа дейінгі санаттағы қыздар арасында 5 сынып оқушысы Наурызбай Айдана II орын, ұлдар арасында 5 сынып оқушысы Рамазанов Мансұр III орын алды. Олардың жетекшісі-жаттықтырушы Аникеев Николай Валерьевич.

   Айдана 4 жасынан бастап айналысады. Мектепте үздік оқиды. Екінші сыныптан бастап «Белая ладья» шахмат үйірмесіне қатысады. Осы кезеңде 16-дан астам қалалық, облыстық және республикалық турнирлерге қатысты. 2018 жылы классикалық шахматтан «Павлодар облысы әкімінің кубогы» турнирінің 6-шы кезеңінде, ұлттық мектеп лигасы аясында облыстық спартакиадада, «Biz birgemiz» онлайн-клубының шахматтан облыстық блицтурнирде әйелдер арасында III орын алды. 2019 жылы қыздар арасында «Надежды Прииртышья 2019» классикалық шахмат турнирінде, «Павлодар облысы әкімінің кубогы» классикалық шахмат турнирінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай жылдам шахмат бойынша облыстық турнирде I орын алды. 2020 жылы «Biz birgemiz» онлайн клубының облыстық блицтурнирінде 16 жасқа дейінгі қыздар арасында III орынды, «Белая ладья» үйірмесінің Ватсаптурнирінде I орынды иеленді.

   Мансур екінші сыныптан бастап «Белая ладья» үйірмесінде шахматпен айналысады. Мектепте үздік оқиды. Ол Айдана сияқты 13-тен астам қалалық, облыстық және республикалық турнирлердің қатысушысы, оның ішінде екі рет I орын, 4 рет - II орын, 7 рет - III орын иеленді.