ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда тәжірибе алмасу
23-11-2020 10:03
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда тәжірибе алмасу

   2020 жылдың 20 қарашасында Павлодар қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясына орталықтың, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басшылары мен қызметкерлері, облыстық білім беру басқармасының, әдістемелік орталықтардың, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттердің басшылары, жетекші мектептердің директорлары, олардың орынбасарлары, үйлестірушілер, мектеп тренерлері, мұғалімдер қатысты. Мақсаты - «Сабақты зерттеу» жобасын іске асыратын облыстың педагогикалық білім беру ұйымдарының, педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен колледждердің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.

   Конференцияны пленарлық    бөлімнің модератор, Орталық филиалдың директоры Сарбасов Нұрлан Сағындықұлы жүргізді. Бұдан әрі сабақты зерттеу жобасының авторы Пит Дадлидің бейне баяндамасы ұсынылды. Конференцияның практикалық блогы «Сабақты зерттеу» бағыттары бойынша 4 диалогтық алаңнан тұрды, олардың үйлестірушілері орталықтың жаттықтырушылары болды. «Әрекеттегі зерттеу: тиімділік құралдары» алаңында Павлодар қаласының№16 лицей-мектебінің мұғалімі Елена Леонидовна Чайковскаяның «Биология пәні негізінде көптілді ортада жобалық қызмет әдісін қолдану арқылы оқушылардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау» жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Жұмыс miro.com платформадағы виртуалды көрмеде орналастырылған бейнепостер түрінде  ұсынылды.