ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Допты иелену техникасы бойынша облыстық турнирдің жеңімпаздары
24-11-2020 09:22
Допты иелену техникасы бойынша облыстық турнирдің жеңімпаздары

   Салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-практикалық денешынықтыру орталығы волейбол добын қабылдау және беру техникасы бойынша облыстық онлайн турнир өткізді. Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 350 оқушы қатысты, оның ішінде 150 ұл, 200 қыз бала.

   10 - 13 жасар алығындағы қыздар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша І орынды № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Айжанова Аяна, № 35 ЖОМ 6 сынып оқушысы Қалиақпар Арайлым иеленді. ІІ орынды №25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Жетмекова Аяжан иеленді. Ұлдар арасында І орынды №17 ЖОМ 7 сынып оқушылары Урузбаев Николай, Болтрунас Захар иеленді.

   14 - 15 жас тобында қыздар арасында І орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Балгожина Адель, № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Саулебаева Гульназ иеленді.

   16 - 17 жас аралығындағы қыздар арасында №25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сыздықпаева Дильназ жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының грамотасы және медалімен марапатталады.