ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы
24-11-2020 13:18
Павлодарлық оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2020 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» XХ қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады. Конференция бес секциялары негізінде жобаларды қорғау үлгісінде өтеді: «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - музей», «Ғылымға бастапқы қадам». Конференцияға облыстың жалпы орта білім беру мектептерінің 2 - 11 сынып оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысады.

Бірінші күні ZOOM платформасы арқылы «Біз және экология» секциясы жұмыс атқарды. Секцияға Павлодар, Ақсу қалалары білім беру ұйымдарының (№ 7, 11, 16, 20, 32, 33, 34, 39 ЖОМ, Ақсу қаласы Балалар эко-техноорталығы) 15 оқушылары қатысты. Павлодар педагогикалық университеті жаратылыстану жоғары мектебінің аға оқытушысы Айгүл Мұратқызы Утилова, «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Жұлдыз Қадырқызы Абаилдинова, экология және туризм орталығы «Экология» бөлімінің меңгерушісі Бақыт Қапасқызы Текенова құрамындағы қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.

Секция жұмысы барысында аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін жұмыстар, оның ішінде жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер тыңдалды.

Жобаларды қорғау қорытындылары бойынша І орынды «Изделия из бросового материала с использованием джутовой нити» жұмысы үшін Ақсу қаласы Балалар эко-техноорталығының тәрбиеленушісі, № 4 мектебінің 2 сынып оқушысы  Камилла Бейсенбаева иеленді, ІІ орынды «Павлодар қаласы жағдайында сәндік ағаш және бұталы өсімдіктердің интродукциясы» жобасы үшін Павлодар қаласы № 7 мектебінің 10 сынып оқушысы Мещанов Дамир иеленді, ІІІ орынды  «Полиэтиленовые пакеты везде и повсюду захватывают мир» жобасы үшін №33 мектебінің 11 сынып оқушысы Шандыбасова Аружан иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, қатысушылар - грамотамен, олардың жетекшілері - алғыс хатпен марапатталды. Конференция 27 қарашаға дейін өтеді.