ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық қашықтық олимпиадасының дипломанты
25-11-2020 09:19
Халықаралық қашықтық олимпиадасының дипломанты

   Б. Момышұлы атындағы мектептің 2 сынып оқушысы Мекеш Альбина мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға арналған интернет-портал ұйымдастырған «XXI ғасыр оқушысы» халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысты.

 Олимпиаданың қорытындысы бойынша Альбина дипломмен марапатталды. Олимпиадада ол 1-ші тоқсанда өткен тақырыптар бойынша математикадан тест тапсырмаларын орындады.

   Альбина - сыныптағы белсенді және өте жақсы оқитын оқушы. Ол мектеп, сыныптан тыс жұмыстарға және түрлі жарыстарға қатысады. Қазан айында Мүбарак Жаманбалиновтың оқуларына қатысып, «Бабушка моя», «Первый снег», «Мало на родную землю» өлеңдерін жатқа оқып, белсенді қатысқаны үшін мектеп әкімшілігінің грамотасына ие болды. Мектепте би үйірмесіне қатысады, жетекшісі би мұғалімі Ташева Алмагүл Өркенқызы. Ол мақсатты, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.