ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың экскурсиялық жобалары
26-11-2020 09:33
Павлодарлық оқушылардың экскурсиялық жобалары

   «Туған Ертіс өңірім»жобасын іске асыруаясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалымен бірлесіп, «Ұлы даланың жеті қыры» экскурсиялық жобалардың қашықтан облыстық байқауын өткізді. Мақсаты - оқушылардың тарихи-археологиялық қозғалысын дамыту, облыстың мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтау.

   45-тен астам оқушы №9 мектеп-гимназиясы, № 41, 39, 43, 24, 33, 32, 40, 5, 28, Кенжекөл ЖОМ, № 20 мектеп-лицейі және экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері байқауға «Мұражай маршруты», «Өлкетану маршруты» аталымдары бойынша өздерінің экскурсиялық жобаларын ұсынды.

  Байқау қорытындысы бойынша «Өлкетану маршруты»аталымы бойынша №5, 41 ЖОМ, №20 мектеп-гимназиясының оқушылары, Кенжекөл ЖОМ, экология және туризм орталығының №24, 9, 39 ЖОМ оқушылары жеңімпаз атанды. №5 мектептің 9 сыныпоқушыларыХорина Полина және Калимуллин Руслан «Графити және Ертіс өңірі мұралы»атты тақырыбында өз жұмысында осы өнер туындыларының пайда болу тарихын ашты, орталықтың тәрбиеленушісі Дүйсембі Әділ «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасында Ғабдылуахит Хазрет кесенесіне бару арқылы туған өлкенің киелі жерлері бойынша экскурсиялық-өлкетану бағытын ұсынды.

  «Мұражай маршруты» аталымы бойынша №9, 41, 32, 28 ЖОМ оқушылары, орталық тәрбиеленушілері II, III орындарды иеленді. №9 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Есенбаева Фаруза, №41 мектептің 9 сынып оқушылары Әубәкірова Алина мен Дронова Алина өздерінің «Музей-тарих қазынасы» мектеп мұражайлары туралы айтып берді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды, қалған қатысушылар сертификаттар алды.

  - Өзінің тарихи өткенін білу ғана бізге дәстүрлер мен өшпес адами құндылықтарды - Отанға деген сүйіспеншілікті, мейірімділік пен әділдікті, жақынына деген құрметті, үлкендерге деген құрметті нығайта алады, - дейді қазылар алқасының төрағасы, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының мұражай ісі жөніндегі бас маманы Жунусова Алия Рахметжанқызы.