ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық сайысындағы жас суретшінің жетістігі
26-11-2020 09:48
Халықаралық сайысындағы жас суретшінің жетістігі

   «Азбука.kz» Халықаралық білім беру порталы 2020 жылғы 1 қазан - 30 қараша аралығында IV халықаралық шығармашылық «Алтын күз»  онлайн сайысын өткізді. Конкурсқа Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы бөлімшесі «Рақым» клубының тәрбиеленушісі № 24 ЖОМ 3 сынып оқушысы Әсілбеков Арслан қатысты. 

   Байқау қорытындысы бойынша Арслан «Бейнелеу шығармашылығы (сурет, кескіндеме)» номинациясы бойынша I орынға ие болып дипломмен марапатталды. Өзінің «Алтын күз» суретін - гуашьпен аралас техникада салып, Ертіс жағалауындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағының алтын күз кезеңін бейнеледі.

   - Халықаралық интернет-конкурсқа Арслан алғаш ретқатысты. Оның халықаралық деңгейдегі алғашқы қадамыүлкен жетістікке әкелгені қуантады. Ол клубқа 6 жасынан келіп, бейнелеу өнері үйірмесі, шахмат үйірмесі мен бокс секциясына қатысады», - дейді Асильбекова Назымгүл Бейсенбекқызы, «Рақым» клубының қосымша білім беру педагогі. Педагог жеңімпазды дайындағаны үшін «Азбука.kz» білім беру порталының дипломмен марапатталды.