ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар педагогтарының 5 үздік педагогикалық бастамасы
26-11-2020 14:47
Павлодар педагогтарының 5 үздік педагогикалық бастамасы

   Облыстық білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2020 жылғы 23 қарашада «Педагогикалық бастамалар» облыстық байқауының қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты - облыс мұғалімдерінің үздік инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау, тарату. Байқауға мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, облыстың білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты. Қатысушылардың материалдарымен жұмыс қашықтық формата жүргізілді.

  Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің 27 жұмысы ұсынылды, оның ішінде 5 жұмыс үздік деп танылды.

  Ең үздік педагогикалық бастамалар деп № 86 балабақшаның тәрбиешісі Ващенко Любовь Павловна «Степ - аэробика, денешынықтыруды сауықтыру құралы ретінде», Б. Момышұлы атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Касимова Қарлығаш Файзоллақызының «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиетінен эссе жазу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамыту»,  № 26 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Литвинчук Марина Николаевнаның, «Web 2.0 сервисті информатика сабағында оқушылардың ынтасын арттыру құралы ретінде пайдалану», Дацюк Александр Федоровичтің, тарих пәнінің мұғалімі«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімнің кәсіби дамуындағы жаттықтырушының рөлі»,№36 ЖОМ химия пәнінің мұғалімі Каллая Светлана Владимировнаның «Химия сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде» атты тақырыптарындағы жұмыстары  танылды. Бұл педагогтардың жұмыстары «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауына бағытталатын болады.