ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тұңғыш Президент - Елбасы күніне арналған іс-шараларға қатысу
27-11-2020 10:37
Тұңғыш Президент - Елбасы күніне арналған іс-шараларға қатысу

  Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдарында Тұңғыш Президент - Елбасы күніне арналған жоспарлы іс-шаралар өткізіледі. Іс-шараларға 40 мыңнанастам бала қатысады.

  «Елбасы-ел тірегі» он күндігінің ашылуымен қаланың жалпы білім беретін мектептерінде іс-шаралар 20 қарашадан басталды. Он күндік аясында ашық сабақтар, сынып сағаттары, оқулар, байқаулар, викториналар, челлендждер өткізіледі. Оған 1 - 11 сынып оқушылары қатысады.

   24 - 30 қарашада «Алтын ғасыр»тақырыбындағы өлеңдер челленджіне мектепкедейінгі мекемелер мен қала мектептерінің 5 мыңнан астам жас оқырмандары қатысады.

  Аула клубтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен 12 - 27 қараша аралығында «Егер Мен президент болсам»атты үздік шығарма байқауы өтуде. 25 - 27 қарашада «Ұлт мақтанышы - Елбасы» атты үздік дайджест байқауы, 26 - 27 қарашада «Тұңғыш Президент - дәуір адамы» атты мәденист орителлинг өтуде. 27 қарашада «Ел тарихынан» балалар жұмыстары көрмесінің ашылуы өтеді. Павлодар қаласының Балалар көркем сурет мектебінің 50-ден астам оқушысы Қазақстан туралы өз жұмыстарын ұсынады, еліміздің Тұңғыш Президентінің портреттерін жазады.

 30 қараша күні мереке қарсаңында қала мектептерінде «Біздің Президент» кітаптарының виртуалды көрмесі, 6 - 7 сыныптарда «Мәңгілік Ел - біздің күш қуатымыз!», «Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің!» атты  ақпараттық сағат өтеді.

  Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің оқушылары мен педагогтары қашықтықтан «Жасайбер тәуелсіз Қазақстан» мерекелік концертін ұсынады. Экология және туризм балалар орталығының тәрбиеленушілері мерекеге арналған VI қалалық «Иртышский перезвон» ән байқауын өткізеді.

  Сонымен қатар, 1 - 10 желтоқсан аралығында оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы үздік 7 фильмді онлайн режимде көре алады. 2 - 11 желтоқсан аралығында 9 - 11 сыныптардың 75 оқушысы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ ұйымдастырған «Табысты қазақстандықтың қағидаттары мен дағдылары» атты мастер-класс жұмысына белсенді қатысады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған барлықіс-шаралар #Elbasy_pvl бірыңғай хэштегі мен өтеді.