ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған жердің сұлулығы балалар бейнелеу шығармашылығында
27-11-2020 16:30
Туған жердің сұлулығы балалар бейнелеу шығармашылығында

   2020 жылдың 15 қазан - 20 қараша аралығында Павлодар қаласы ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектеп-клубында өткен XIX облыстық «Ақ бота» балалар бейнелеу шығармашылығы байқауына Павлодар, Ақсу қалалары, Баянауыл ауданы, Железинка ауылы, Ақтоғай ауданының 29 балалар оқу ұйымынан 156 оқушы қатысты. «Туған жердің сұлулығы» байқауының тақырыбы Павлодар Ертіс өңірінің пейзаждарына арналды. Мақсаты - патриоттық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беру, дарынды балаларды қолдау.

   Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 19 қатысушы ие болды, оның ішінде I орынды - 6 қатысушы, II орынды - 6, III орынды - 7 қатысушы алды. Өз жұмыстарында гуашьпен, түрлі-түсті қарындаштармен, акварельмен орындау техникасында Павлодар облысының табиғи пейзаждары, сондай-ақ қаланың жүрекке сүйкімді бұрыштары мен әдемі жерлерін көрсетті.

  Бас жүлдені аралас техникада орындалған «Дельфин» құтқару станциясы жұмысы үшін Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Дильназ Шумакова жеңіпалды, ұстазы Татьяна Васильевна Ахметжанова.

   7 - 9 жас аралығындағы кіші жас санатында гуашьпен орындалған «Ертістегі күз» жұмысы үшін 8 жастағы № 19 ЖОМ-нің 3 сынып оқушысы Ақбота Кәрімжан (ұстазы Қамажай Шайкенқызы Сүлеймен), Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Зарина Смайлхан гуашьпен орындалған «Жасыбайда» жұмысы үшін (ұстазы Инна Владиславовна Масленникова) I орын алды.

   Ал 10 - 13 жас аралығындағы орта жас санатында К. Бекхожин атындағы ЖОМ-нің 11 жастағы 6 сынып оқушысы Аружан Бегалинова аралас техникада орындалған «Менің сүйікті қалам» жұмысы үшін (ұстазы Гүлсім Айтмұхамбетқызы Бектасова), Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 13 жастағы оқушысы Алина Юдина түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Павлодар маңы» жұмысы үшін (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн) марапатталды.

   Сондай-ақ 14 - 17 жас аралығындағы жоғары жас санатында №43 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Мария Лебедева, 11 жаста, көмір таяқшаларымен орындалған «Мешіт» жұмысымен (ұстазы Галина Ивановна Белая), Екібастұз қаласы Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Дания Алмяшева, 14 жаста, гуашьпен орындалған «Туған өлкемнің сұлулығы» жұмысы үшін (ұстазы Айсұлу Қайнарқызы Омарова) иеленді.