ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздік пайдаланушылары
30-11-2020 10:44
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздік пайдаланушылары

  Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылдың 23 - 27 қарашасы аралығында «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтықтан байқаудың ақтық кезеңін өткізді. Мақсаты - облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына ғылыми және практикалық қызығушылықты дамыту, инновациялық және шығармашылық ИТ-идеяларды анықтау және ілгерілету, дарынды мұғалімдерді қолдау. Байқау 5 бағыт бойынша өтті.

  Облыстық байқауға ұсынылған 40 жобаның ішінен Павлодар қаласының №7, 17, 19, 43 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің 4 жобасышықты. Ақтық кезеңге 26 жұмыс өтті. Байқау қорытындысы бойынша 15 жобаның авторлары жеңімпаз атанды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 2 педагогі.

   І дәрежелі диплом иегерлері Серікбаев Алмас Сансызбайұлы, № 19 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі және Ибраим Махаббат Қасенқызы, №17 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі. Алмас Сансызбайұлы республикалық облыстық және қалалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы: «Үздік педагог - 2019» республикалық байқауының төсбелгісінің иегері, «Алтын диск» республикалық байқауының жеңімпазы, «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының жеңімпазы, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық, облыстық, қалалық байқауының жүлдегері (2014, 2016, 2018 жылдар). Махаббат Қасенқызы, «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (2018, 2019 жылдар), «Педагогикалық шеберлік - 2020» (II орын) облыстық кбайқауларының жүлдегері, «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2020» қалалық байқауының жүлдегері.