ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің жас зерттеушілері 115 жоба ұсынды
30-11-2020 13:49
Туған өлкенің жас зерттеушілері 115 жоба ұсынды

   2020 жылғы 27 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» ХХ қашықтан аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясының қорытындылары шығарылды. 5 күн ішінде  Павлодар, Ақсу қалаларының жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері  2 - 11 сыныптарының 115 оқушылары «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - музей», «Ғылымға бастапқы қадам» сияқтыы бес бағыттары бойынша өз жобаларын қорғады.

   Құрамында «Өрлеу» БАҰО АҚ «Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Павлодар педагогикалық университеті,  Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының өкілдері бар әділ қазылар алқасы М. Әуезов атындағы, № 7, 9, 11, 13, 16, 20, 21, 30, 31, 32, 33, 34, 39, 41 жалпы орта білім беру мектептері,  Жетекші ЖОМ оқушылары, №7 арнайы мектеп-интернаты,  Ақсу қаласының Балалар эко-техноорталығы,  Павлодар қаласы К. Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі,  Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілерінің белсенділігін бағалады.

   Конференция қорытындылары бойынша жүлделі орындарды 49 оқушы иеленді, оның ішінде I орын 12, II орын - 16, III орын - 21 бала иеленді. «Лего-спасатели», «Қояндарын өсіру нарық заманның сұранысы», «История одного стихотворения», «Экологический дом» «Сказки… Такие похожие, такие разные…», «Польза детского фитнесса», «Значение моего имени», «Жетекші ауылындағы судың сапасын анықтау», «Лекарственные растения окрестностей города Павлодара», «Конструирование оптических приборов в домашних условиях (изготовление калейдоскопа), «Часы моего города», «Роль сохранения чувашских национальных традиций», «Заманауи киіз үй - өңірлік туризмді дамытудың нысаны ретінде», «Маралды: быть или не быть», «Национальная обрядовая кухня - как важный элемент отражения мировоззрения казахского народа», «Рушники - семейные реликвии», «Қазақ халқының ою-өрнектерінің құпиялары», «Биологический метод борьбы с белокрылкой», «Загадочные близнецы», «Бақшалар әлемі», «Йогурт: польза или вред?», «Выращивание сальвии рассадным методом и начало цветения», «Полевой дневник Тянь-Шань», «Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы» танымдық жобалары ұсынылды.

   «Біз және экология» секциясында І орынды «Изделия из бросового материала с использованием джутовой нити» жобасы үшін Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығының тәрбиеленушісі Бейсенбаева Камилла иеленді. Ол кендір жіпті қолдану негізінде органайзерлер, жиектемелер, панно, қобдишаларды жасауға болатынын көрсетті.

   «Зерттеу жұмысы» секциясында І орынды «Лего-спасатели» жобасы үшін №39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Колесников Евгений, «Қояндарын өсіру нарық заманның сұранысы» жұмысы үшін №33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нариза Жұматаева иеленді. Евгений «LEGO» үлгілерін пайдаланып, өз мултфилмын жасаған. Нариза үй қоянның емдәмдік еті дұрыс тамақтану мөлшеріне кіреді, оларды өсіру көп қаржының салынуын талап етпейді деген пікірін білдірді.

   «Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орынды «Прогулка по родному городу» жобасы үшін № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон, «Экскурсионный маршрут «Набережная Павлодара - сердце города» жұмысы үшін №20 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Шкленник Арина иеленді. Қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Павлодар бойынша экскурсиялық маршруттарын ұсынды.

  «Тарих бесігі - музей» секциясында І орынды «Туристический путеводитель г. Павлодара» жобасы үшін № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Томирис Аулыбаева, «Памятная книга человечества» жұмысы үшін № 41 ЖОМ 9 сынып оқушысы Алина Аубакирова, «Рушники - семейные реликвии» жобасы үшін К. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі украиндық бөлімшесінің тәрбиеленушісі Саенко Марина иеленді. Алина өз жобасында оқу үдерісінің қайнаркөзі ретіндегі қазақстандық отансүйгіштік, рухани-адамгершілік тәрбие берудегі  мектеп музейінің рөлін ашып көрсетті.

   «Ғылымға бастапқы қадам» секциясында І орынды «Выращивание тюльпанов на подоконнике» жобасы үшін («Жасмин» балалар бірлестігі) Ковтун Мария, «Экспедиция по родному краю» жұмысы үшін («Вершина» туристік клубы) Горнунг Данил, «Репродуктивный подвой цветочно-декоративных растений (на примере суккулентов)» жобасы үшін Малышева Арина,  «Биологический метод борьбы с белокрылкой» жұмысы үшін Храмцова Катя («Родная природа» балалар бірлестігі) Павлодар қаласы экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері иеленді. Арина өз жобасында кактустар мысалында вегетативтік будандастыруды жүзеге асырды.

   Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері - грамотамен, қатысушылар - аталымдар бойынша грамотамен, жетекшілері - конференция қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хатымен марапатталды.