ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күні Павлодарда жаңа бала бақша ашылды
30-11-2020 15:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күні Павлодарда жаңа бала бақша ашылды

   Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 30 қарашасында Павлодар қаласында шағынауданның кішкентай тұрғындары үшін Ж. Мұса көшесі, 4 мекен-жайында орналасқан №57 балабақша өз есігін ашады.

   «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Гидпром» ЖШС ғимаратты қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталды. Жобалық қуаттылығы 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 230 орын, топтар саны - 10. Жұмыс тәртібі - 12 сағат, бес күндік жұмыс аптасымен. Оқыту тілі аралас.Балаларды қабылдау және тіркеу сәтінен бастап кезекші топтар жұмыс істей бастайды, оған 150 бала (1 топта 15 адам) қатыса алады. Естеріңізге сала кетейік, сіз балабақшаға кезекке «Indigo24 kz» автоматтандырылған қызметі - https://indigo24.kz/ru арқылы өтініш бере аласыз.

  Аулада көлеңкелі шатырлары бар топтық серуендеу алаңдары қарастырылған. Жыл бойы ауада дене шынықтыру сабақтарын және спорттық ойындарды өткізу үшін-спорт алаңдары құрылған.

   Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру үшін әр жас тобына арналған топтық, жатын, қабылдау, дәретхана бөлмелері жабдықталған. Олар қажетті ойын жабдықтарымен және балалар жиһазымен толықтырылған.

   Мектеп жасына дейінгі балалардың көп тілді білуін үшін ағылшын және қазақ тілдерінің кабинеттері бар, онда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, интерактивті жабдықтарды, электрондық контент ресурстарымен дидактикалық материалдарды пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың логикасын, ойлауын, сенсорлық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді. Вариативті ойлауды қалыптастыру, өз мәлімдемелерін дәлелдей білу,қарапайым қорытынды жасау үшін «Intellektym» кабинеті бар.

   Салауатты өмір салты дағдыларын тәрбиелеу, дене және психикалық денсаулықты нығайту үшін спорт залы және барлық дене жүйелерінің жұмыс істеуін, имунитетті арттыруды, денсаулықты сақтау және ынталандыру технологияларын (стретчинг, саусақ гимнастикасы, динамикалық үзілістер, ойын массажы және) пайдалану арқылы тәрбиеленушілердің физикалық қасиеттерін дамытуды қамтамасыз ететін степ-аэробика залы көзделген.