ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұражайлар мен мұражай танушыларды дамытудағы заманауи технологиялар
02-12-2020 09:41
Мұражайлар мен мұражай танушыларды дамытудағы заманауи технологиялар

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 2020 жылғы 27 қараша күні Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен бірлесіп «Мұражай - өткен өмір айнасы»  қашықтан облыстық семинарын өткізді. Мақсаты - заманауи мұражайтану саласындағы кәсіби тұжырымдамаларды жетілдіру, білім беру мекемелер мұражайы басшыларының әдістемелік даярлық деңгейін арттыру. Семинарға 70-тен астам директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұражай басшылары қатысты.

 Семинарда «Туристік-өлкетану қызметінде Инновациялық технологияларды қолдану», «Мектеп мұражайында сабақтар өткізу», «Қашықтан оқу жағдайында білім беру процесін іске асыру» мәселелері қаралды. Мектеп мұражайларының «Панфиловшылар» іздеу жасағының жұмысы туралы» №14 ЖОМ мұражай жетекшісі Бахытжан Қырықүшұлы Өтепов, «Б. Момышұлының 110 жылдығы» Әскери даңқ мұражайының жұмысы туралы Б. Момышұлы атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Естай Рысбекұлы тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға мұражайларды оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану, оқушылардың өткен тарихын, жаңа өнімдерін зерделеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.