ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Физика пәні бойынша облыстық байқаудың жүлдегерлері
03-12-2020 09:18
Физика пәні бойынша облыстық байқаудың жүлдегерлері

   «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының ZOOM платформасы арқылы қашықтық форматта «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика бойынша үздік оқу-әдістемелік басылым» атты облыстық байқаудың қорытынды кезеңін 2020 жылдың 27 қарашасында өткізді. Мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептердегі физика мұғалімдерін анықтау, орта білім мазмұнын жаңарту аясында физиканы оқытудағы педагогикалық идеяларды іздеу, оларды қолдау және ынталандыру.

   Ағымдағы жылдың 2 - 20 қарашасы аралығында байқауда қазылар алқасы «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика сабақтарында тиімді оқытуды ұйымдастыру», «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика сабақтарында оқушылардың оқу қызметін жандандырудың тиімді әдістері мен тәсілдері», «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика сабақтарында оқу процесін жоспарлау», «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика сабақтарында оқушылардың оқу-жетістіктерін бағалау», «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажетететін білім алушыларды тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» басым бағыттары бойынша ұсынылған 36 жұмысты қарады.

 Қатысушылардың жұмыстары электрондық оқу-құралдары, әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылды: қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы, ерекше білім беруді қажетететін балаларға арналған қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар, оқу-әдістемелік кешен, жұмыс дәптерлері, электрондық оқу-құралдары, 10 - 11 сынып оқушыларына арналған физика бойынша арнайы курс бағдарламалары, физика бойынша зертханалық практикум 9 сынып, физика бойынша міндеттерді шешу практикумы (физика – математикалық бейіндегі 7 - 11 сынып).

  Сырттай турдың қорытындысы бойынша күндізгі турға қатысуға 12 жұмыс жіберілді, оның ішінде: Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 4 физика мұғалімі - Айтжанова Гүлзия Әубәкірқызы,№2 ЖОМ физика мұғалімі, Батаева Айжамал Сланбекқызы,№16 лицей-мектебінің физика мұғалімі, Лысенко Елена Викторовна,№13 ЖОМ физика мұғалімі, Текенова Әсел Қайыржанқызы, Кенжекөл ОМ физика мұғалімі. Күндізгі тур қорытындысы бойынша барлық 4 Павлодарлық мұғалім дипломмен және сертификатпен марапатталды.

  II дәрежелі дипломды Батаева Айжамал Сланбекқызы «Аймақтық компонентті қолдана отырып, мектептегі физика курсын интерграцияланған оқыту әдістемесі» әдістемелік құралы үшін алды.

   III дәрежелі диплом мен Лысенко Елена Викторовна «Физика пәні бойынша міндеттердегі метапәндік байланыстар», Айтжанова Гүлзия Әубәкірқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін 7 сынып оқушыларына арналған физика пәнінен қалыптастырушы бағдарламалар жиынтығы» атты  әдістемелік-дидактикалық құралдарыүшін марапатталды.

  «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басшылық» әдістемелік құралы үшін сертификаты Текенова Әсел Қайыржанқызы алды.