ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық байқауда павлодарлық оқушылар Мәшхүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын білетінін растады
04-12-2020 12:31
Облыстық байқауда павлодарлық оқушылар Мәшхүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын білетінін растады

   2020 жылы 26 қарашада облыстық Көпеев оқуларына аудандық, қалалық оқулардың жеңімпаздары қатысты, сонымен қатар Павлодар қаласының №19, 37, 39, Кенжекөл ЖОМ 8, 9, 11 сыныптың 4 оқушысы қатысты. Мақсаты - Мәшхүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын білу.

   Байқау қорытындысы бойынша барлық павлодарлық қатысушылар өз білімдерін растады және жүлделі орындарға ие болды, облыстың білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды, оның ішінде I орынға 2, II орынға - 1, III орынға - 1 оқушы ие болды.

  «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағытында I орынды Мусина Толғанай алды. «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы космология және жаратылыстану ғылымдарына қатысты ой-танымдары» өзінің ғылыми жобасында Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы М. Жүсіп өмірбаяны, шығармашылығы, дүниетанымы бойынша көптеген құнды деректерді жеткізді. «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында №37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Балғабаева Бахытгүл, ие болды. Бахытгүл өзінің «Мәшһүртанудың жаңа көкжиектері» эссесінде М. Жүсіптің «Сары­ар­қаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал» шығармалары үлгісінде тақырыпты аша алды.

   «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытында ІІ  орынға № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Егинбай Аяжан ие болды. Аяжан қазақ ақыны, ойшылы, шығыстанушысына арналған «Мәшһүр бабама арнау» өзінің тақпағын оқыды.

   «М. Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында ІІІ орынға № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қаиргелді Ерасыл иеленді. Ерасыл «Мұса және Жүкең болыс әнгімесі», «Сағынай асын Мұса Шорманұлы басқарғаны» «Мұса Шормановтың асы» М. Жүсіп шығармаларына  дұрыс түсінік бере алды.