ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Муай-тай бойынша медальдардың иегерлері
08-12-2020 09:19
Муай-тай бойынша медальдардың иегерлері

   2020 жылғы 24 - 30 қарашада Шымкент қаласында өткен Республикалық муай-тай чемпионатында облысымыздың құрама командасының құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Балшуақ» және «Бірлік» бөлімшелерінен 7 тәрбиеленуші жарысқа қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның 14 облысынан 270-тен астам жасөспірімдер, юниорлар және жастар қатысты.

  Чемпионат қорытындысы бойынша «Балшуақ» клубының 2 тәрбиеленушісі алтын және қола медаль иегерлері атанса, «Бірлік» клубының тәрбиеленушісі - күміс медальды қанжығасына байлады. Олар Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

   Алтын медальмен марапатталған Маулетханов Нұрасыл 54 кг салмақта 12 - 13 жастағы жасөспірімдер арасында жеңімпаз, қола медаль иегері - Кузкен Абылайхан 51 кг салмақта 14 - 15 жастағы жасөспірімдер арасында жүлдегер атанды. Жас спортшылардың жаттықтырушысы, клуб педагогі, жоғары санатты жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, облыстық жастар құрамасының аға бапкері Фатхутдинов Дамир Равильевич болып табылады.

   Күміс медалімен марапатталған Хейноят Сұлтан, 16 - 17 жастағы 67 кг дейінгі салмақтағы жастар арасында жүлдегер атанды. Оның жаттықтырушысы, клуб педагогі, біліктілігі жоғары санаттағы жаттықтырушы, спорт шеберіне кандидат Ракишев Жандос Сейткенович болып табылады.

   Нұрасыл муай-таймен 7 жасынан бастап айналысады, № 37, 8 сынып оқушысы, 2019 жылы ол Қызылорда қаласында өткен чемпионатта 10 - 11 жас санатында Қазақстан чемпионы атанса биыл, 12 - 13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды.

   Абылайхан муай таймен айналысқанына 1 жыл болды, № 27 ЖОМ 9 -сынып оқушысы. Бұл оның алғашқы республикалық деңгейдегі жарысы және 13 қатысушының арасынан қола медальді иеленді.

   Сұлтан клубқа 10 жасынан қатысады, қазір ол Инновациялық Еуразия университеті колледжінің 1 курс студенті. Оның жетістіктер қоржынында 15-тен астам медаль бар.