ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жарамсыз материалдардан павлодарлық оқушылардың қолдан жасалған бұйымдары
09-12-2020 09:12
Жарамсыз материалдардан павлодарлық оқушылардың қолдан жасалған бұйымдары

    2020 жылғы 16  қараша - 8 желтоқсан  аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Тәуелсіздік күніне арналған «Культурное наследие Казахстана» қалалық қашықтық конкурсы өткізілді. Мақсаты - балалардың шығармашылық қабілетін қолдау, балалардың көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамыту. Қаланың жалпы білім беру мектептерінен № 1, 2, 6, 7, 9, 11, 14, 16, 18, 21, 26, 28, 29,  32, 33, 34, 35, 36, 37 38, 39, К. Макпалеев атындағы, Кенжекөл мектептерінің  5 - 7 сыныптың құрамында 78 оқушы  24 команда қатысты.  

   Конкурс шарты бойынша қатысушылар жарамсыз, табиғи, қатты материалдан, киіз және жүннен қолдан жасалған бұйымдар ұсынды. 4 номинация бойынша 78 жұмыс ұсынылды. Әділ қазылар жұмыста  тақырыпты дұрыс көрсету іскерлігін, орындау бірегейлігін, шығармашылық жолдарын ескерді.

   Конкурс  қорытындысы бойынша  4 оқушы I орынға ие болды.«Поделки из бросового материала» номинациясында №26 мектептің 5 сынып оқушысы Баланда Ангелина иеленді. «Мелодия родного края» өз суреттін флокматасының қиындысынан, жіп, картоннан орындаған бұйымын, бейнероликте орындау технологиясын көрсетті. «Поделки из природного материала» номинациясында «Родина моя - мой Казахстан» жұмысы үшін №39 мектептің 7 сынып оқушысы Анисимов Максим иеленді. Акварель бояуы,қарағай шыршалары және бұтақтары, күріш,қара құмықтан жасалған, өз  апликациясында қазақстан даласының сулулығын бейнеледі. «Поделки из войлока и шерсти» номинациясында «Вяжем сумочку» жұмысы үшін №16 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Базылеева Ульяна иеленді. Ол әртүрлі жүнді жіптен сөмке тоқыды, өзінің қолөнерін көрсетті. «Поделки из твердого материала» номинациясында «Поделки из бумаги, ткани» жұмысы үшін Кенжекөл мектебінің 6 сынып оқушысы Верига Полина иеленді. Өз жұмысында, әртүрлі мата қиындысынан және қағаздан жасалған киіз үйдің шаңырағы астында дөңгелек үстелде отырған, Қазақстанда тұратын, әртүрлі ұлттың қуыршағын жасады. Ол Қазақстан халқының бірлігін және қонақжайлығын бейнеледі.

   «Поделки из бросового материала» номинациясында II орынға №11, 39 мектеп командалары, «Поделки из природного материала» номинациясында - №1 мектеп командасы, «Поделки из войлока и шерсти» номинациясында  -  № 26, 29 мектеп командалары, «Поделки из твердого материала» номинациясында - К. Макпалеев атындағы, №39 мектеп командалары ие болды.

    «Поделки из бросового материала» номинациясында IIІ орынға № 6, 29, 39, №16 лицей-мектебінің командалары, «Поделки из природного материала» номинациясында - № 26, 39 мектеп командалары, «Поделки из войлока и шерсти» номинациясында - № 9, 21, 30, 32, 34, 35, 38, 39 мектеп командалары, «Поделки из твердого материала» номинациясында - №39 мектеп командалары ие болды. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификатын алды.