ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жасөспірімдерде салауатты өмір салтына деген ынтаны қалыптастыру
09-12-2020 12:38
Жасөспірімдерде салауатты өмір салтына деген ынтаны қалыптастыру

   Дүниежүзілік АИТС-ке қарсы күрес күні аясында облыстың денсаулық сақтау басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, АИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық орталығы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік»атты үздік бейнероликке байқау өткізді. Мақсаты-жасөспірімдер мен жастардың бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру, салауатты өмір салтына және зиянды әдеттерден бас тартуға бағдарлану және уәждемені арттыру, АИТВ/АИТС-тің алдын алу, байқауға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.

   Байқауға облыстың 8 - 10 сынып оқушылары қатысып, тақырыптық авторлық бейнероликтер көрсетті. Байқауға ұсынылған 22 жұмыстың ішінен Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары 3 жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

   №30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Құсайынова Малика «АИТС- елестентұңғиыққа дейін» бейнеролигі үшін I орынды иеленді. Бейнероликте ол АИТВ-ның алдын алу бойыншажұмыс туралы айтып берді.

   № 41 ЖОМ 8 сынып оқушылары Ерғазинова Сабина, Еденбай Аружан, Тимофеева Кира, Андрусенко Алена, Оверченко Елена, Мельникова Виолета «СТОП ВИЧ/СПИД» бірлескен бейнероликтері үшін II орындыалды. Олар инъекциялық есірткіні  пайдалану, АИТВ-ның таралу факторы болып табылатынын көрсетті.

   №20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Кириченко Кирилл, Саукенова Карина, Смайл Арман бірлескен «Ашық әңгіме» бейнероликтері үшін III орынды иеленді. Бейнероликте олар қауіпті мінез-құлықтың алдын алу үшін ересектер мен жасөспірімдер арасындағы АИТВ инфекциясы және АИТС туралы ашық сөйлесудің маңыздылығын көрсетті.