ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты тиімді жоспарлау
09-12-2020 14:02
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты тиімді жоспарлау

     Павлодар қаласыныңбілім беру бөлімі «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалымен бірлесіп 2020 жылдың 8 желтоқсанында ZOOM платформасы арқылы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты тиімді жоспарлау» вебинарын өткізді. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, мақсат қою дағдыларын, рефлексивті дағдыларды жетілдіру, қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау дағдыларын қолдану. Биыл өңірдің орыс және қазақ тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептеріне келген 113 жас маман тренингтің қатысушылары болды.

   Модераторлар Нұрахметова Шолпан Саменқызы, әдіскер, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «ПроЛ» клубының жетекшісі, Нығметова Бибігүл Жамбылқызы, жаттықтырушы, Әлмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлы, Павлодар қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының аға менеджері.

   Вебинар жұмысы интерактивті форматта өтті: бірлескен талқылаулар негізінде педагогтар SMART-мақсаттардың мазмұнын анықтауды, белсенді, интерактивті сыныптардың ерекшеліктерін ажыратуды, жаңартылған білім беру мазмұнының аспектілерін бағалауды үйренді. Сессия залдарындағы әріптестердің ынтымақтастығы оқытудың коллаборативті ортасын құруға және табысты оқушының дағдыларын анықтауға мүмкіндік берді. Жас мамандардың кәсіби мәселелерін талқылау барысында педагогтар берілген критерийлер бойынша тиімді сабақ жоспарын әзірлеу жөнінде құнды әдістемелік ұсыныстар алды.

   Жас мамандар бүгінгі күні түрлі білімді біріктірмей, өз оқуын табысты ұйымдастыру мүмкін еместігіне көз жеткізіп, өздерінің әдістемелік жүктерін оқытудың жаңа құралдарымен толықтырды. Тренинг материалдары электронды-әдістемелік дайджестке орналастырылды және тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды.