ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатысу
10-12-2020 14:02
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатысу

    Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдарында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған жоспарлыіс-шаралар өтеді. Іс-шара аясында қашықтық режимде сынып сағаттары, көрмелер, байқаулар, олимпиадалар, оқулар, кездесулер, мерекелік концерттер, жарыстар, «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз», «Тұғырлы Тәуелсіздік келешек ұрпақ көзімен...», «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыптарына дебаттар өтеді. Іс-шараларға 40000-нан астам бала, педагогтар, ата-аналар қатысады.

    1 - 18 желтоқсан аралығында облыстық «Менің туым» пилоттық жобасы аясында өтетін «Отантуым» жобасынақала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары қатысады. Бұл күндері қатысушылар түрлі техникада (сурет салу, аппликация, кесте тігу) орындалған мемлекеттік туды педагогтармен, ата-аналармен бірге терезелерге орналастырады. 5 - 8 сыныптардың 1000-нан астам оқушылары «Тұғырлы Тәуелсіздік келешек ұрпақ көзімен...» атты макеттер, эскиздер көрмесін ұйымдастыруға қатысады.

  3 желтоқсан күні онлайн режимде «Түркі әлемінің генезисі» республикалық жобасы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында № 9 гимназия-мектебінде «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қонағы тарих және археология кафедрасының оқытушысы, Павлодар педагогикалық университеті КЕАҚ Марғұлан орталығының қызметкері Е.К. Тушева болды. Дөңгелек үстел барысында рухани киелілерді, халықтың тарихи естелігін зерттеудің өзектілігі, Қазақстанның бірегей киелі орындарын, археологиялық олжаларды сақтау қажеттілігі сияқты мәселелер көтерілді.Оқушыларға Марғұлан орталығының құнды материалдары ұсынылды. Іс-шараға барлығы 8 - 11 сыныптардың 500-ден астам оқушылары қатысты.

   11 желтоқсан күні № 37 ЖОМ 2-сынып оқушыларымен ZOOM платформасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты зияткерлік - танымдық сағат өтеді.

  12 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына арналған дебаттық турнир өтеді, онлайн режимде қаланың 8 мектебінен (№ 9, 11,16, 17, 24, 39, 42, № 20 лицей-мектебі) 10 - 11 сыныптардың 80-нен астам оқушылары қатысады.

   Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында 10 желтоқсанда «Қазақстанның жеті кереметі» атты ата-аналармен бірге тәрбиеленушілердің челленджі іске қосылды.

  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 7, 8, 11 желтоқсанда 260-тан астам баланы қамти отырып, оқушылар арасында қалалық байқауды өткізеді. «Қанатты әуен» байқауы 2 желтоқсанда басталды. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігін мерекелеуге арналған бейнероликтердің шығармашылық марафоны, онда қатысушылар қазақстандық авторлар мен композиторлардың музыкалық туындыларын, әндерін орындайды. «Қазақстан мұрасының мәдениеті» атты қолөнер байқауы, «Жібек жолы даласы» виртуалды экскурсиясы өтеді.

  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер балалар жасөспірімдер клубы 10 желтоқсанда тәрбиеленушілердің ата-аналарының қатысуымен «Қазақстанның жеті кереметі» атты челенджін өткізеді. 10 - 14 желтоқсанда 16 желтоқсанда туылған мектеп оқушылары, клуб тәрбиеленушілері арасында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты үздік эссе байқауы өтеді. 11 желтоқсанда «Мен жеңісімді Отаныма арнаймын» спорттық жарысы өтеді.

  11 желтоқсанда Павлодар қаласының Балалар музыка мектебі онлайн режимде «Көк тудың желбірегені» атты концертін ұсынады.