Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов «El Úmiti» ынталандыру жобаларының 10 үздік қатысушысын онлайн марапаттау рәсімін өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры дарынды жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған «El Úmiti» ынталандыру шеңберінде, бірнеше білім беру жобаларын іске асырады: «El Maqtanyshy» сыйлығы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы.
Облыс әкімі олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен үшін 5 жеңімпазға ноутбуктерді табыс етті. 6 сынып оқушылары Тілеубекұлы Мұстафа (№ 38 ЖОМ), Шакар Нұрасыл, Қабиболла Алтынай және Қалиева Айхан (Кенжекөл ЖОМ), 7 сынып оқушысы Аманбек Жұбаныш (Кенжекөл ЖОМ).
2020 жылдың шілдесінде, қорда жастарға арналған «Ел басы медалі» атты ауқымды челленджді жүзеге асырды. Бағдарламаның қола деңгейінен өту қорытындысы бойынша, облыстың 55 қатысушысы жүлдегер атанды. Облыс әкімі алғашқы қола медальдарын ең белсенді Павлодар қаласындағы 3 қатысушыға табыстады: Рудко Эвелина, №17 ЖОМ 9-сынып оқушысы, Дулет Арнур, Искаков Алланур, № 24 ЖОМ 10-сынып оқушылары.


