«Күн шуағына шомылған Ел» атты сәндік панносын Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушылары өз ұстаздарымен біріге отырып, Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай орындады.
Кенепке салынған үлкен суретте Қазақстанның астанасы жас республиканың символы ретінде бейнеленген. Қала сәулетінің жоғарыға ұмтылған әдемі стильдендірілген пластикасы космостықты, ашықтықты, жарқын болашаққа деген ұмтылысты білдіреді. Композицияның ортасында біздің бастауымыздың, өткеннің бүгінгімен және болашағымызбен байланысын білдіретін киіз үй бейнеленген. Ою-өрнектер еліміздің ұлттық дәстүрлерін көрсетеді. Түстер гаммасын таңдауда жұмыс аспан, сарғыш, алтын және көк түстің нәзік реңктеріне бағытталған, өйткені жоғарыда біздің қазақстандық туымыздың желбіреген матасы бейнеленген.
Панно дайындауға 12 - 15 жас аралығындағы 15-тен астам бала, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары қатысты. Панноны орындау үшін дәстүрлі ұлттық сәндік шығармашылықта қолданылатын киізге ұқсас заманауи материал - фетр қолданылды .