2020 жылғы 21 желтоқсанда ZOOM онлайн платформасында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышеваның, Қазақстан Республикасының Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы Вера Александровна Кимнің қатысуымен «Біргеміз» ұранымен волонтерлер жылын жабу форумы өтті. Форумға 100-ге жуық оқушы, волонтерлік қызметпен айналысатын педагогтар, қала мен облыстың волонтерлік қозғалысының көшбасшылары қатысты.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде волонтер жылы табысты аяқталғанын атап өтті. Он мыңнан астам қазақстандықтардың мейірімділігі мен қайырымдылығының арқасында «игі істердің» жалпыұлттық идеясы шындыққа айналды. Сіздердің барлық игі істеріңіз ерікті және қайырымдылық жұмыс мәдениетін күшейтті. Біз, Сіздерді шын жүректен мақтан тұтамыз.
Біздің өңір бойынша волонтерлер қозғалысының пайда болуының бастауында тұрған Вера Ким форум қатысушыларына сөз сөйледі. Вера Александровна батыл бастамаларды іске асыру үшін белсенділерге күш жігер бере алды.
Форумда «Birge» волонтерлердің өңірлік фронт-офисінің басшысы Сая Серікқызы, «Добряков клубының» волонтері Валентина Николаевна Головина, «Клуб Добряков Павлодар» ҚБ басшысы Гүлнара Мұхамедкерімқызы Исаканова, «ҚР Красного полумесяц қоғамының Павлодар филиалы» ҚБ директоры Александр Владимирович Шитов, «Майдан жолы» ҚБ басшысы Людмила Анатольевна Былинина, «Павлодар қаласы VITA іздеушілер» ҚБ іздестіру жөніндегі үйлестірушісі сөз сөйледі. Қатысушыларға «Жақсылық сыйла» жылының ашылуынан бастап бейнеролик ұсынылды.
Форумда жас волонтерлердің сөз сөйлеуі волонтерлік қызмет туралы презентациялармен сүйемелденді. Волонтерлер жасағының белсендісі, № 19 ЖОМ № 9 сынып оқушысы Әйгерім Құттыбай, № 34 ЖОМ «Алтын жүрек»волонтерлер жасағының белсендісі Магомедова Милан, «Волонтер жылы – 2020» ашылуына орайластырылған республикалық волонтерлер форумының қатысушысы, № 29 ЖОМ 11 сынып оқушысы Өскембаев Дамир өз жұмыстарын ұсынды.
Форумға қатысушы волонтерлерге № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нығметова Айзана және № 30 ЖОМ 10 сынып оқушысы, «Добряков клубы» тобының еріктісі, «Ertys Daryny» облыстық сыйлығының лауреаты Ғазиз Айбек үндеу жасады.
Жыл қорытындысы бойынша волонтерлер жасақтары номинациялармен марапатталды: «Жылдың үздік еріктілері тобы» (№29 ЖОМ), «Медиа волонтер» (№24 ЖОМ), «Біз біргеміз» (№ 16 ЖОМ), «Ең шығармашыл еріктілер тобы» (№ 34 ЖОМ), «Мейірімді жүрек» (№19 ЖОМ), «Біздің ізгі ісіміз» (№ 20 ЖОМ), «Асыл жүрек» - Ғазиз Айбек, волонтер, № 30 ЖОМ 10 сынып оқушысы.


