2020 жылдың 15 желтоқсанында білім беру жүйесіне қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің алғыс хатымен № 49 санаторлық сәбилер-бақшаның басшысы Смағұлова Жанат Асқарқызы,№27 балабақшаның әдіскері Юнаш Галина Анатольевна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен №32 балабақшаның басшысы Жанаспаева Гүлмира Болатқызы, №14 түзету балабақшасының басшысы Жұмабекова Гүлнар Құдайбергенқызы марапатталды.
Жанат Асқарқызы білім беру жүйесінде 30 жылдан астам, мектепке дейінгі мекеменің басшысыретінде 18 жылдан астам жұмыс істейді. Оның «Ересектер мен балалардың тұлғалық-бағдарлы өзара іс-қимылы» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесі Семей қаласының республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағында жарық көрді, ол «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған риторика» білім беру-дамыту бағдарламасының авторы болып табылады. Бірнеше рет қала әкімінің грамоталарымен марапатталған, 2019 жылы мектепке дейінгі мекеменің жемісті жұмысы үшін 4 000 000 теңге сертификат берілді.
Галина Анатольевна 8 жылдан астам балабақшада әдіскер болып жұмыс істейді. Әдістемелік жұмыс тәжірибесі қалалық және облыстық деңгейлерде жинақталған (2019 жыл). Ол мектеп жасына дейінгі ересек топтардың балаларына арналған «Өлкетану» бағдарламасының авторы (2018 жыл). Қалалық «Үздік әдіскер - 2019» байқауының гран-при иегері, Павлодар қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған (2019 жыл).
Гүлмира Болатқызы балабақша басшысы болып 13 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның негізгі міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу. Ол тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеуі үшін бағдарламалар жасады. Ол ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлкен үлес қосып, қалалық, облыстық іс-шараларға қатысады. Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Нұр-ана әлемі» ҚБ «Келіндер» клубының жетекшісі бола отырып, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - ұлт жоспары аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» конференциясын ұйымдастырып, өткізді.
Гүлнар Құдайбергенқызы балабақша басшысы болып 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жоғары кәсіби-іскерлік қасиеттерге ие, қысқа мерзімде барлық жаңа және озық жұмыстарды тәжірибеге енгізуге қабілетті. Облыстық, республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша сөз сөйлейді. Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін Павлодар қаласы әкімінің, «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ грамоталарымен марапатталған (2019 жыл).


