Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Халықаралық балалар суреттері көрмесінің жүлдегерлері
28-12-2020 09:38
Халықаралық балалар суреттері көрмесінің жүлдегерлері

      Словакияның Стреда Дунайск қаласында өткен «Цытноостровские пастельки - 2020» атты балалар суреттерінің халықаралық көрмесіне Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 35 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды. Байқау тақырыбы еркін. Көрмеге Бангладеш, Болгария, Чехия, Қытай елдерінің балалары қатысты.

Көрме қорытындысы бойынша павлодарлық үш оқушы осы байқаудың жеңімпаздары атанды. Гуашьпен орындалған «Мысық» жұмысы үшін Георгий Шапов, 6 жас, аралас техникада орындалған «Теңізші» жұмысы үшін, София Пфлюг, 4 жас, педагог Лариса Алексеевна Кузнецова, гуашьпен орындалған «Қайың орманында» жұмысы үшін, Елизавета Губенко, 6 жас, педагогі Лариса Борисовна Илларионова байқау медалімен марапатталды.

- Бұл балалардың барлығы өте белсенді, эмоционалды, шынайы және ашық екенін айта кету керек. Балалардың ашықтығы мен қиялы, олардың суреттерін жасауға көмектеседі, олардың әрқайсысын жауһар деп атауға болады. София кескіндемеде ерекше, түс сезімі бар. Георгий графикалық материалдармен керемет сурет салады және пластилинмен кереметмүсіндейді. Ал Елизавета барлық техникада өзін сынап көруді ұнатады және ол өте жақсы жұмыс істейді, - дейді олардың мұғалімдері.