ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар республикалық олимпиаданың алтын және күміс медаль иегерлері атанды
28-12-2020 14:45
Павлодарлық оқушылар республикалық олимпиаданың алтын және күміс медаль иегерлері атанды

   2020 жылдың 23 желтоқсанында 5 - 6 сынып оқушылары арасындағы I республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Павлодар қалсының Б. Момышұлы атындағы №2, 37, 39 жалпы білім беретін мектептердің 4 оқушысы қатысты, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары, оның ішінде 3 оқушы алтын және күміс медальдарға ие болды. Олимпиада 6 пән бойынша қашықтық форматта өтті.

  Олимпиада қорытындысы бойынша №39 ЖОМ 6 сынып оқушысы Байгужинов Рамиль орыс тілі мен әдебиеті, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Хамитова Амина қазақ тілі мен әдебиеті бойынша алтын медальдарға ие болды. Математика пәні бойынша күміс медаль иегері № 2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Сатенова Данель.

   Республикалық деңгейдегі олимпиадаға олар алғаш рет қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Олардың жетістігіне пәндер бойынша әртүрлі олимпиадаларға қатысу бойынша жұмыс ықпал етеді. Рамиль қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онлайн олимпиадалардың қатысушысы және жеңімпазы болып табылады. Әмина мектеп іс-шараларына белсенді қатысады, қазақ тілі мен әдебиетінен мектепішілік және қалалық олимпиадалардың жүлдегері болып табылады, журналистикамен айналысады. Данель қазақ және орыс тілдерінен «Мың бала» зияткерлік сайысының қатысушысы және жеңімпазы, математика пәні бойынша қалалық олимпиаданың жүлдегері.