ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыс әкімі қала мектептеріне барды
29-12-2020 18:49
Облыс әкімі қала мектептеріне барды

  Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласының №28 және №34 жалпы орта білім беретін мектептерінде болды. Мақсаты - жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде жүргізілген күрделі жөндеу мен мектептерді жабдықтауды тексеру. Бұл мектептер «Заманауи мектеп» жобасы бойынша жөнделді.

   №28 мектепте қонақтарға спорттық зал көрсетілді, биылғы жылы еденге арналған заманауи арнайы жабынмен, ыңғайлы киім ауыстыратын бөлмелермен, жаңа душ бөлмесімен, тақырыптық безендірілген стендтермен жабдықталған. Мектепте С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын QR кодтары бар көркем ресімделген фойе, мектеп педагогтерінің жұмысы мен демалысы үшін «Тичер офис», бастауыш мектептің оқу кабинеттері, домбыра, робототехника, биология кабинеттері көрсетілді. Кабинеттер толығымен қайта жабдықталды: плоттер пленкамен безендірілген үлкен шынылармен рәсімделген. Кабинеттердің қабырғаларында жаңа стандартқа сәйкес түрлі-түсті бояулар болады. Мектепте бастауыш сынып оқушыларының еркін шығармашылығына арналған шифер қабырғасы бар фойе құрылды. Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған фойеде конференц-кеңістік рәсімделген. Қосымша арнайы үстелдермен, нэтбуктармен ресімделген фойенің есебінен кітапхананың ақпараттық-білім беру аймағы кеңейтілді. Амфитеатры бар оқушылардың демалыс аймағы құрылды. Мектеп 1967 жылы құрылған, жобалық қуаты 750 оқушы орнын құрайды, сабақтар 2 ауысымда ұйымдастырылған. Ағымдағы оқу жылында ЖОМ-да 995 оқушы білім алуда.

   Инновациялық үлгідегі №34 мектепте қонақтар мектептің тарихымен, жетістіктерімен танысты. «e-pit» жүйесі көрсетілген жөндеу залында, асханада болдық. Қонақтар музыка кабинетіне, физика және биология, қазақ тілі, математика, робототехника, рекреациялық аймағы бар бастауыш мектеп, кітапхана, «Teacheroffice» мұғалімдер кабинеттеріне барды. Айта кету керек, соңғы үш жыл ішінде мектеп қала мектептері арасында көшбасшы болып табылады, қалалық мектептер арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлармен, мұғалімдердің жетістіктерімен әдістемелік жұмыс көрсеткіштері бойынша үздік үштікке кіреді. Мектеп 1968 жылы 1030 оқушы орнына құрылған. Оқыту тілі - орыс тілі, сабақтар 2 ауысымда өткізіледі, оқушылар контингенті - 1530.