Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар математика және физика пәндері бойынша білімдерін тексерді
08-01-2021 09:48
Павлодарлық оқушылар математика және физика пәндері бойынша білімдерін тексерді

   Алматы қаласының «Әл-Фараби» олимпиадалық даярлау орталығы Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен бірлесіп математика және физика бойынша олимпиадалар сериясын іске қосты. Павлодар қаласы мектептерінің 5 - 11 сынып оқушыларына арналған қашықтық олимпиада 2020 жылдың 6 - 31 желтоқсан аралығында өтті. Олимпиадаға 1068 оқушы қатысты, оның ішінде математикадан - 844, физикадан - 224 қаланың жалпы білім беретін мектептерден № 1, 2, 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14, 17, 18, 19 , 21 , 23 , 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 41, 43, Мақпалеев, Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы, № 16, 20 лицей-мектептерден оқушылары қатысты.

   Олимпиада үш кезеңде өтті. 6 желтоқсанда жауап нұсқаларымен мәтіндік тур өтті, 13 желтоқсанда жауап нұсқаларынсыз мәтіндік турға 1 турдан өткен 723 оқушы қатысты. 20 желтоқсанда 2-турдың қорытындысы бойынша жазбаша турға 315 оқушы қатысты. Олимпиаданың шарттары бойынша оқушылар математика және физика бойынша олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алды, турлар аяқталғаннан кейін бірден өз нәтижелерін біле алды.

   Олимпиада қорытындысы бойынша ең көп ұпай  жинаған Павлодар қаласының 14 оқушысы «Әл-Фараби» олимпиадалық даярлау орталығының II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. II дәрежелі дипломмен №9, 17 (2), 29, 34 мектептің 5 оқушысы, III дәрежелі дипломмен №7, 16, 17 (2), 29, 34 (2), 38, 43 мектептерден 9 оқушы марапатталды.

   Математика пәні бойынша 10 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде II орынды № 9, 17 (2) мектеп оқушылары, III орынды № 7, 16, 17 (2), 29, 34, 38, 43 мектептерінің  8 оқушысы иеленді. Физика пәні бойынша 4 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде II орынды № 17, 29, 34 мектептердің 3 оқушысы, III орынды № 34 ЖОМ оқушысы иеленді.