kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2565867
Бір айда181507
Бір аптада48795
Кеше9161
Тәулік647
Павлодар мектебі халықаралық байқау кубогының иегері атанды
11-01-2021 09:22
Павлодар мектебі халықаралық байқау кубогының иегері атанды

  Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына арналған «Бауыржан оқулары» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша 2020 жылдың 1 - 10 желтоқсан аралығында Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, аты аңызға айналған қолбасшы, халық қаһарманы, қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойы аясында Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары байқау кубогын және номинациялар бойынша 3 жүлделі орынға иеболды. Байқау Бауыржан Момышұлының шығармашылығын насихаттау арқылы қатысушылардың Отанға, оның тарихи өткеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін дарытуғабағытталған. Байқау ұйымдастырушысы Қостанай қаласының білім беру бөлімі болып табылады.

   Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында байқауға Қазақстанның 32 мектебінен, Мәскеу қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 мектептен 113 оқушы қатысты. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Жас автор», «Жас оқырман», «Суретші-иллюстратор», «Жас оператор».

   Байқаудың қорытындысы бойынша «Бауыржан оқулары - 2020» кубогы Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы мектебіне табысталды.

   «Жас қаламгер» номинациясында 22 қатысушы ішінен өз шығармасы бар өлеңдер сайысында 7 сынып оқушысы Амангелді Әсемгүл «Бауыржан Момышұлына арнау» авторлық өлеңі үшін II орынды иеленді.

«Көркем сөз оқушы» номинациясы бойынша Бауыржан Момышұлының шығармаларын мәнерлеп оқу сайысында 33 қатысушы ішінен 5 сынып оқушысы Хамитова Амина «Ұшқан ұя» повесінен үзінді жатқа оқығаны үшін II орынды иеленді.

  «Суретші-иллюстратор» номинациясында Бауыржан Момышұлының шығармаларына иллюстрациялар бойынша 33 қатысушы ішінен «Мәскеу түбіндегі шайқас» суреті үшін 5 сынып оқушысы Азим Юлтанов II орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай қаласының білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.