Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
8 - 11 сынып оқушылары арасындағы I облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы
13-01-2021 10:53

            2021 жылғы   20 - 21 қаңтар аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  8 - 11 сынып оқушылары арасында I облыстық гуманитарлық олимпиаданың қашықтықтан  қалалық   кезеңі өткізіледі.

           Мақсаты - оқушылардың оқу мәдениетін ,рухани мүмкіншілігін дамыту, классикалық әдебиетке, Қазақстан тарихына танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 123 оқушысы қатысады.

           Олимпиада екі турда өткізіледі:  I турда - оқушылар тест түрінде 50 тапсырма  орындайды ( Қазақстан тарихы бойынша 25, қазақ әдебиеті бойынша 25 сұрақ), орындау уақыты - 60 мин. II турда - оқушылар ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазады (орындау уақыты - 90 минут).

           Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейтін болады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі