ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жыл мұғалімі - 2021
15-01-2021 09:05
Жыл мұғалімі - 2021

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылғы 8 қаңтар мен 14 қаңтар аралығында «Жыл мұғалімі - 2021» қалалық байқаудың I туры өткізілді. Байқаудың мақсаты - мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.

Қалалық байқауға қатысуға 32 мұғалім өтініш білдірді, оның ішінде: химия - 2, бастауыш сыныптар - 6, ағылшын тілі - 3, тарих - 3, қазақ тілі - 3, математика - 2, дене тәрбиесі - 1, информатика - 2, биология - 3, өзін - өзі тану - 2, физика - 2, орыс тілі мен әдебиеті - 3, қаланың 32 жалпы білім беретін мектептерінен (№ 1, 2, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ, № 5, 6, 7, 11, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ, № 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, № 23, 24, 26, 27, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 40, 41, М. Әуезов атындағы ЖОМ, № 43 Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ).

1 турдың қорытындысы бойынша барлық 32 қатысушы ZOOM платформасы арқылы «Педагогикалық тәжірибе панорамасы» қалалық байқауының II турына (Pitch - презентация - 3 минут) ағымдағы жылдың 18, 19 қаңтарында қатысады. Бұл кезеңде педагогтер өз тәжірибесін мынадай критерийлерге сәйкес ұсынуы қажет: ұсынылған тәжірибенің өзектілігі, ұсынылған тәжірибенің жаңалығы, өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды талдай, жинақтай, анықтай және қолдана білу, шығармашылық және зерттеушілік көзқарас, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жоғары нәтижелілігі, білім алушыларды дамыту, тілдік және пәндік сауаттылық, педагогикалық тәжірибенің репрезентативтілігі.

2021 жылдың 25 - 27 қаңтарындағы «Бейнесабақтардың» финалдық турында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи қашықтықтан білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша бейімделген тәжірибелерді көрсетеді.