ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық байқаудың қатысушылары анықталды
15-01-2021 17:26
Облыстық байқаудың қатысушылары анықталды

Павлодар   қаласы   білім  беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы»  2021 жылғы 13 қаңтарда «Ақберен» республикалық конкурсының қашықтықтан  қалалық   кезеңін  өткізді. Мақсаты - дарынды  балаларды  гуманитарлық-эстетикалық бағытта қолдау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және ұлттық дәстүрді сақтау. Конкурсқа қаланың 24 жалпы білім беру  мектептерінің  7 - 11 сыныптың  76 оқушысы  қатысты (№ 2, 6, 7, 11, Қ. Бекхожин атындағы, № 17, 19, 20, 21, Б. Момышұлы атындағы,  № 23, 25, 27, 29, 30, 35, 37, 38, 39, 40, 41, 43, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ).

       Байқау шарты бойынша қатысушылар «Ақындар мүшайрасы», «Шешендік өнер», «Шығыс», «Көркем сөз оқу», «Ұлттық аспапта ойнау», «Ақындар айтысы» номинациялары бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша 33 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде I орын - 5 оқушы, II орын - 10 оқушы, III орын - 18 оқушы.

«Шығыс» бағытында - еркін тақырыпқа  шығарма  № 30 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кеңес Ажар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол «Бүгінгі шешендік өнер: пікірталас мәдениеті» атты шығармасында шешендік шеберліктің рөлін, пікірталас іскерлігін  көрсете білді.

«Көркем сөз оқу» бағытында - № 20 ЖОМ 11 сынып оқушысы Оразалимова Сана шығармадан үзінді оқыды І дәрежелі дипломмен  марапатталды. Ол М. Мақатаевтың «Аққулар ұйымдастырған» поэмасын мәнерлеп оқып, сөз орамдары мен эпитеттерді шебер қолдана білді.

«Ұлттық аспапта ойнау» бағытында - ұлттық аспаптарда ойнау  І дәрежелі диплом иегері  № 20 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Бегембет Тамерлан. Ол домбырада «Балбырауын» Құрманғазы Сағымбайұлының күйін орындады.

«Ақындар айтысы» байқауының бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тулеубаева Анель марапатталды. Ол домбырада өз шығармасын орындады, бүгін пандемия, жақындарына қамқорлық, дәстүрлі оқу түріне тез оралу тақырыптарын қозғады.  6 бағыт бойынша  байқау  жеңімпаздары ақпан айында облыстық байқауға қатысады.