ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар құстарға қамқорлық көрсетуге шақырады
18-01-2021 12:02
Павлодарлық оқушылар құстарға қамқорлық көрсетуге шақырады

2020 жылдың 8 желтоқсаны мен 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Құс қанатындағы арман» қалалық акциясының қорытындысын шығарды. Мақсаты - экологиялық табиғатты қорғау қызметіне тарту, қыста қалатын құстарды сақтау және оларға қамқорлық жасау. Акцияға № 2, 6, 16, 18, 21, 27, 28, 30, 32, 33, 35, 39, 43, Қ. Мақпалеев атындағы, Жетекші жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ішінен экология орталығының 1500-ден астам тәрбиеленушісі қатысты.

Акция аясында қатысушылар 100-ден астам астауларды жасап, іліп қойды, «Құстардың қыстауы» көрмесіне суреттер салып, қолөнер жасады, фоторепортаждар, экологиялық бейнероликтер дайындады.

Акция қорытындысы бойынша І орынды Жетекші ЖОМ және Қ. Мақпалеев атындағы мектептің оқушылары иеленді. Жетекші мектебінің оқушылары 30-дан астам көркем безендірілген шығармашылық жұмыстар - суреттер мен плакаттар ұсынды, «Құстар - біздің достарымыз» викторинасын, «Қыстайтын құстар туралы не білесің?» атты экологиялық сағат, «Қауырсынды үй жануарлары» бейне-презентациялар байқауы, 10-нан астам астаулар жасап, үйлерінің аулаларына іліп қойды, олардың жұмыстары әлеуметтік желілерде орналастырылды. Қ.Мақпалеев атындағы ЖОМ оқушылары 30-дан астам сурет пен қолөнер бұйымдарын ұсынды, «Қыста құстарды тамақтандырыңыз» ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, өз үйлерінің аулаларында 10-нан астам астаушадан құстарға арналған қысқы кафе жасады.

№ 39, 33, 16 ЖОМ оқушылары, экология орталығының тәрбиеленушілері 10-нан астам астаушадан құс асханаларын дайындағаны, қыстайтын құстардың 20-дан астам суретін салғаны, қашықтықтан байқаулар, викториналар өткізгені үшін II орынды иеленді. ΙΙΙ орынды № 28, 35, 32, 18, 2, 30 ЖОМ оқушылары иеленді. Қатысушылар құстар туралы 20-дан астам сурет, қолөнер, кроссвордтар ұсынды, аулаларда құстарға арналған асханалар жасап, іліп қойды.

 - Мұндай акциялар балаларға өте пайдалы іске қатысуға мүмкіндік береді - бұл біздің құстарға қысқы уақытта көмектесуге деген ықылас. Өйткені, құстар үшін қыс - ең қиын кезең. Бұл уақытта оларға тамақ алу қиынға соғады. Қыстайтын құстарға көмектесу үшін біз экологиялық табиғатты қорғау іс-шараларын өткізіп, қыс мезгілінде құстарды тамақтандыруымыз қажет, - дейді экология және туризм орталығының бөлім меңгерушісі Бақыт Қапасқызы Текенова.