ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың облыстық олимпиададағы 12 жүлделі орны
19-01-2021 12:41
Павлодарлық оқушылардың облыстық олимпиададағы 12 жүлделі орны

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасына 2021 жылғы 13 - 15 қаңтарда Googlemeet платформасында онлайн режимінде облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 7 - 8 сыныптың 284 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 19 оқушысы қатысты. Мақсаты - жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды қолдау. Олимпиада 6 пән бойынша өткізілді - химия, физика, математика, биология, география, информатика. Қатысушылар тест тапсырмаларын орындады.

Қала намысын олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары Б. Момышұлы атындағы № 2 (2),6, 11, 17, 25, 34 (4), 37,39 (3), 38, 43 (2), 9 ЖОМ оқушылары қорғады. Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша қала мектептерінің оқушылары 12 жүлделі орынға ие болды:I орынды 2 оқушы, II орынды - 3, III орынды - 7 оқушы иеленді.

I орынды № 34 ЖОМ 8 сынып оқушылары Юсопов Даниил және № 39 ЖОМ оқушылары Ильяс Амирали иеленді.

II орынды № 25 ЖОМ 8 сынып оқушылары Жақсыбаева Малика, № 39 ЖОМ 7 сынып оқушылары Касымов Рамиль, Вирясова Кира иеленді.

III орынды № 2 ЖОМ 7 сынып оқушылары Кунанбаев Ержан, Жанғабулова Талшын, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушылары Семидко Елизавета, Кананадзе Никита, АбишевНариман, № 38 ЖОМ 6 сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Зиневич Мария иеленді.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I, II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.