ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту
19-01-2021 16:30
Оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту

«Оқитын мектеп - оқитын ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылдың 15 қаңтарынан 15 ақпанына дейін «Менің үйімдегі кітапхана» қалалық байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты мәдени және оқырмандық құзыреттілікті дамыту, кітап пен оқуды отбасының рухани өмірінің, отбасылық бос уақыттың маңызды факторлары ретінде насихаттау болып табылады.

«Менің үйімдегі кітапхана» қалалық байқауына үйінде кітапханалары бар ата-аналармен бірге 1 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Бұл жоба кітап әуесқойлары мен жинаушыларға, үй кітапханаларының иелеріне арналған.

Байқау шарты бойынша қатысушылар өздерінің үй кітапханасы туралы бейнеролик ұсынады, бейнеде бір кітаптың қысқаша шолуына тоқтайды, үзіндіні мәнерлеп оқиды немесе жатқа айтады (3 минут).

Байқаудың қорытындысы 3 номинация бойынша шығарылады: «Бүкіл отбасымен оқимыз» - үй кітапханасын толықтырудағы және пайдаланудағы барлық отбасы мүшелерінің белсенділігі, «Кітап - сенімді көмекші», «Кітап интерьері» - үй кітапханасын шағын пәтер жағдайында ең тиімді етіп орналастыру. Қорытындыларды шығару кезінде бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық жаңалығы, бірегейлігі, дыбыстық сүйемелдеудің болуы, бейне эффектілері ескерілетін болады.

Қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасалған. Оқу залдары бар мектеп кітапханаларында жалпы кітап қоры 2 млн. дананы құрайды, оның ішінде 700 мыңнан астам көркем және ғылыми әдебиеттер. 2020 жылы № 1, 28, 34 мектептердегі кітапханалардың материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды, Мұзафар Әлімбаев атындағы жаңа мектепте заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған кітапхана бар. Сонымен, жоғарыда аталған кітапханалар коворкингпен жабдықталған, түрлі пікірталастар, дебаттар, қойылымдар өткізуге арналған сахнасы бар, оқушылар арасында кітап алмасуға арналған сөре - буккросинг орналастырылған. Бұл жаңашылдықтарды ағымдағы жылы «Заманауи мектеп» жобасы аясында қаланың 8 мектебінде жалғастыру жоспарлануда, бұл оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту үшін одан да қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2021 жылы «Оқитын мектеп - оқитын ұлт жобасы аясында ата-аналар арасында қалалық эссе байқауы, «Бүкіл отбасымен оқимыз» жалпықалалық челленджі, оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың қатысуымен READx кітаптарының аннотациясы бойынша қалалық байқау, «Көп оқитын сынып» қалалық байқауы өткізіледі.