«Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа орындарға мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие және білім беретін ұйымдар білім беру бөліміне келесідей құжаттарды ұсынады:
1) комиссия төрағасының атына өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының көшірмесі, берешегі жоқ болу туралы банктен анықтама, берешегі жоқ болу туралы салық органдарынан анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыру үшін пайдаланатын, жылжымайтын мүлікке (өзінікі немесе жалға алынған) құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелері;
4) медицина кабинетіне лицензиясының болуы туралы көшірмесі немесе бекітілген орынын ескере отырып емханамен қызмет көрсетуге келісім шарт;
5) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек білім беру органдарының жолдамасымен балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-ана төлемінің тарифінен аспайтын мөлшерін белгілеу туралы өінім берушінің міндеттемелері. Өнім беруші міндеттемелерінің нысаны еркін.
Өтінімдер мен құжаттардың толық пакетін білім беру бөліміне төмендегідей мекенжай бойынша ұсыну қажет: Павлодар қаласы, Кривенко көш., 25, 408-каб. Анықтама үшін телефон: 32-80-35.