ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі - 2021» қалалық сайысының күнделігі
21-01-2021 09:01
«Жыл мұғалімі - 2021» қалалық сайысының күнделігі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылдың 18 - 19 қаңтар аралығында «Жыл мұғалімі - 2021» қалалық байқауының II турын өткізді. Мақсаты - мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін бағалау, педагогикалық инновацияларды көтермелеу және педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.

2 турға қаланың № 1, 2, 5, 6, 7, 11, № 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 24, 26, 27, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 40, 41, 43, Б. Момышұлы, Қ. Мақпалеев, М. Әуезов, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ, Жетекші, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерінен 32 педагог қатысты. 

Екі турдың қорытындысы бойынша 15 қатысушы «Жыл мұғалімі - 2021» қалалық байқауының финалдық кезеңіне өтті. Қалалық байқаудың III финалдық кезеңіне № 16 лицей-мектебінің тарих пәні мұғалімі Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, Кенжекөл ЖОМ физика пәні мұғалімі Қалиасқаров Әлібек Жұмажанұлы, № 34 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Матюшева Анна Александровна, № 26 ЖОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сачанова Шолпан Тюлюгеновна, № 41 ЖОМ биология пәні мұғалімі Сарсекеева Анар Қайыртасқызы, № 36 ЖОМ химия пәні мұғалімі Каллаи Светлана Владимировна, Жетекші ЖОМ химия пәні мұғалімі Омарова Анар Габдулманаповна, № 2 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Шампатова Мақпал Маралбекқызы, № 24 ЖОМ биология пәні мұғалімі Алибекова Жанар Мұратқызы, № 1 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Баймбетова Айгүл Сайлаубайқызы, № 6 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Рамазанова Евгения Алексеевна, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ мұғалімі, Сибанбаева Бағдат Акрамқызы, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ физика мұғалімі Сламханова Алима Нұрлыбекқызы, № 17 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Помазанова Полина Геннадьевна, № 20 лицей-мектептің тарих мұғалімі Зотова Ксения Александровна.

2021 жылғы 25 - 27 қаңтар аралығында өтетін «Бейнесабақтар» финалдық турдың шарты - кәсіби шеберліктің көрінісі, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бейімделген тәжірибелерді, заманауи қашықтықтан білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану. Қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Р. Д. Ашимбетова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану жоғары мектебінің деканы, мәдениеттану кандидаты, қауымдастырылған профессор В. Н. Алиясова, «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпаздары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары, әдіскерлері қатарынан қала мектептерінің жетекші мұғалімдері қала педагогтерінің педагогикалық шеберлігін бағалайды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.