ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзекті цифрлық технологиялар
21-01-2021 09:51
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзекті цифрлық технологиялар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспары аясында № 9 гимназия-мектебінің әкімшілігімен және педагогтарымен бірлесіп «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзекті цифрлық технологиялар» тақырыбы бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының сағатын өткізді.

Семинарға мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі 44 орынбасары қатысты. Семинардың мақсаты - мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының кәсіби шеберлігін арттыру, өзекті цифрлық технологияларды іс жүзінде қолдануды көрсету, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, әдістемелік қолдау көрсету.

         Семинар бағдарламасында мастер-класс форматында мектеп мұғалімдері Г. И. Бекниязова, Е. В.Пфейфер, Л. В. Никитюк, Е. А. Андрусь, И. В. Бакланова, Н. И. Витковская, Т. И. Потехина қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзекті цифрлық технологияларды көрсетті: Googlе-формалар, Яндекс оқулығы, TestPad, Plickers, Мастер тест.

         Мұғалімдер И. В. Иванова, И. С. Ртищева, С. В. Кожевникова, М. В. Димитрюк, М. Г. Каримова онлайн мектепте БЖБ және ТЖБ құру технологияларымен бөлісті. Түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін кері байланысты ұйымдастырудың өзекті мәселесімен мұғалім Ю. Н. Лазина таныстырды. Мұғалімдер В. Г. Малыгина, Г. А. Сыздыкова қашықтықтан оқыту кезінде практикум мен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі интерактивті формалардың мүмкіндіктерін көрсетті. Семинар материалдары мен ұсыныстары мектептерге жіберілді.