ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымның педагогы - 2021
22-01-2021 14:55
Мектепке дейінгі ұйымның педагогы - 2021

2021 жылғы 15 қаңтар мен 24 ақпан аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның педагогы - 2021» байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты - тәрбиешінің оң имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық қызметті ынталандыру және көтермелеу. Байқауға қаланың 29 мектепке дейінгі мекемесінен 29 педагог қатысады. Байқау үш кезеңде өтеді.

15 - 27 қаңтар аралығында І іріктеу кезеңі аясында педагогикалық ұстанымды қорғау өтеді, қатысушылар өздерінің әдістемелік портфолиосын, бейнепрезентацияларын ұсынады.

27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Педагогикалық шеберлік» байқауының II кезеңі өтеді. Қатысушылар шеберлік сабақтарын қашықтықтан оқыту форматында өткізеді: балалармен бейнесабақ және балалармен немесе ата-аналармен бейнесабақ.

24 ақпанда «Жүрегімді балаларға беремін» байқауының III кезеңінде қатысушылар өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстыруы керек.

Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады: гран-при, I, II, III орындар және төрт номинация «Шабыт», «Ізденімпаз педагог», «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог».