ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Экосурет байқауының жеңімпазы
25-01-2021 11:24
Экосурет байқауының жеңімпазы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының «DARYN ECOART» республикалық сурет және көркем қолөнер экологиялық байқауына Қазақстанның 1 - 6 сыныптарынан 400-ден астам оқушы, оның ішінде Павлодар қаласы білім бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының 2 тәрбиеленушісі қатысты.

Байқау екі номинация бойынша өтті: туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбындағы «Үздік сурет» және өңделген материалдар мен қалдықтардан жасалған «Үздік көркем қолөнер». Қатысушылардың жұмыстарын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Қазақ технология және бизнес университетінің ғалымдары мен оқытушылары бағалады.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Жас Толқын» клубының тәрбиеленушісі, № 25 ЖОМ 5 сынып оқушысы Арманова Данель «Үздік көркем қолөнер» номинациясы бойынша I орынға ие болды және I дәрежелі дипломмен, смарт-сағатпен марапатталды. «Күзгі гүлдер» қолөнерінде қайың қабығынан «Аппликация» техникасында ол туған өлкесінің гүл композициясын бейнелеген.

- Бұл оның осындай ауқымды байқаудағы алғашқы жеңісі, ол сәндік-қолданбалы өнер үйірмесіне бір жылға жуық уақыт қатысып келеді, - дейді клубтың қосымша білім беру педагогі Евлоева Мака Даудовна.