ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас зияткердің жетістіктері
26-01-2021 09:57
Жас зияткердің жетістіктері

Павлодар қаласы № 24 ЖОМ 3 сынып оқушысы Нұрсаин Амангелді әйгілі қазақ ақынының шығармашылығына арналған республикалық Мақатаев оқуларының жеңімпазы атанды. Оқулар 2021 жылғы 12 - 18 қаңтар аралығында «Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» республикалық ақпараттық порталымен онлайн режимде өткізілді.

Байқау үш номинация бойынша өтті: «Мұқағали әлемінде» - суреттер байқауы, «Мұқағали оқулары» - мәнерлеп оқу, «Поэзияның асқар шыңы» - өлең шығару. Амангелді «Мұқағали әлемінде» суреттер байқауына қатысып, II орынға ие болды, өзі дипломмен, мұғалімі Зәуреш Камалиденқызы Мұсабаева алғыс хатпен марапатталды. Суретінің негізі ретінде М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін алып, оны «Отан! Отан! Сен болмасаң не етер ем?» деген өлең жолдарымен атады.

- Амангелдінің анасы мұғалімнің әдебиет сабағында ғана емес, сонымен қатар Абайтану факультативінде де кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал еткенін атап өтті. Оның арқасында біз үй кітапханасын жинаймыз, әртүрлі зияткерлік байқаулар мен олимпиадаларға белсенді қатысамыз.

Сурет салу - бұл оның хоббиі, шахматпен де, вокалмен де айналысады. Мектепте оқу үлгерімі жақсы. Ол әртүрлі деңгейдегі байқауларға, пән олимпиадаларына қатысып тұрады. 2020 жылы «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша «Мұқағали оқулары» республикалық байқауына,  «Жаманбалинов оқулары»  облыстық байқауына қатысып, ІІ орын иеленді. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған Қазақстан білім интернет-порталының «ХХІ ғасыр оқушысы» халықаралық қашықтық олимпиадасында математикадан І орынға ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының республикалық зияткерлік марафонында алғыс хатпен марапатталды. Торайғыров университетте өткен Абайдың 175-жылдығына арналған «Құлақтан кіріп бойды алар» халықаралық қашықтық байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқағаны үшін ІІ орынға ие болып, дипломмен, ал Зәуреш Камалиденқызы Құрмет грамотасымен марапатталды. 2021 жылы «Дарын» зияткерлік оқу порталының республикалық байқауына «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша, «Ойзерек» зияткерлік оқу порталында «Алтын дауыс» номинациясы бойынша қатысты. Нәтижелері кейінірек жарияланады. Волонтерлік қозғалыс шеңберінде Амангелді 1710 пластик қақпағын жинап тапсырды.

- Сыныпта Амангелді өзінің еңбекқорлығымен, білімге құштарлығымен ерекшеленеді. Кітап оқу - көптеген хоббилердің бірі, оқырман ойөрісі оған мәтіндерді мазмұндауға, өз ойын еркін жеткізуге, өлеңдерді жатқа оқуға мүмкіндік береді. Ол мектептегі және сыныптағы жұмыстарға белсенді қатысады, - дейді Зәуреш Камалиденқызы.